15 қыркүйектен бастап Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталады
- Толығырақ
- Жарияланды 13.09.2023 10:33
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 355
2023-09-13
Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының тұратын аумағы шегінде еркін таңдау бойынша жыл сайынғы кампания басталады. Тіркеу науқаны 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашаға дейін өтеді. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдай алады. Осындай ақпаратпен Талдықорған қалалық емханасы директорының халыққа медициналық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Айна Тілеукенова мен Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медико-санитарлық көмекті үйлестіру және қоғамдық денсаулық бөлімінің бас маманы Жанат Есенаманов Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен пресс-конференцияда айтып берді.
«Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылады. Бұл жағдайда, қажет болғанда, емхана дәрігерлері пациенттердің үйіне бара алады. Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Атап айтсақ, электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі», - деді Айна Құсайынқызы.
Сондай-ақ, халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға жүгіну арқылы тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет.
«Кампания кезінде МСАК ұйымына тіркелген азаматтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2024 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады», - деді Жанат Болатайұлы.
Жетісу облысындағы ресми статистика бойынша облыс халқы 699 085 болса, оның ішінде 529 122 адам сақтандырылған. Ал 169 963 сақтандырылмаған.
--