Қонаевтық дәрігерлер ер адамның аяғын кесуден сақтап қалды
- Толығырақ
- Жарияланды 19.03.2024 07:13
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 297
2024-03-19
Қонаев көпсалалы ауруханасына 1974 жылғы науқас оң жақ аяғының қатты ауырып, ісінуіне шағымдануымен келіп түскен. 50 жастағы азамат өздігінен жүре алмай қалған. Ауруханада барлық ем ТМККК шеңберінде тегін тағайындалған.
Дәрігерлер бірден сараптама жүргізіп, науқастан аяқтың жарақаттан кейінгі кең гематомасын анықтайды. Аяқ бұлшықеттерінің кең тері астындағы жыртылуы, жедел постгеморрагиялық анемия диагнозын қойған.
Бірден 1 сағат ішінде ота тағайындалып, операция төсегіне жіберілген.
“Мен Алакөлден қонаққа келгенмін. Таңертең жүре алмай қалдым. 1 жеті кешіксең аяғыңды кесіп тастайтын едік деді. Ақша алған жоқ. Тегін емдеп жатыр. Мемлекетке, үкіметке рахмет”, - деді отадан кейін Ербол Жайдарұлы.
Айта кетерлігі, елімізде сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Оның ішінде жедел медициналық жәрдем кіреді.
9