АЛМАТЫ КӨПСАЛАЛЫ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ
- Толығырақ
- Жарияланды 17.05.2024 10:12
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 243
2024-05-17
"Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы" Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп, сыртқы кешенді бағалаудан сәтті өтті.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комиссиясының шешімі негізінде -
Бірінші санаты тағайындала отырып, 3 жыл мерзіміне аккредиттелген деп танылады.
Осы куәлік денсаулық сақтау субъектісі қызметінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі туралы куәландырады» - делінген хатта.
Жалпы, медицинадағы аккредиттеу - бұл денсаулық сақтау мекемесінде халыққа медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейінің болуын ресми дәлелі.
Тексеріс кезінде ұлттық стандарттар бойынша ұйымдағы барлық бөлімшелер мен процестер бағаланады. Бұл стратегиялық және операциялық жоспарлау, пациенттерді емдеу және күту, пациенттердің қауіпсіздігі, ғимараттар, инфекцияны бақылау, сапаны, тәуекелдер мен ресурстарды басқару, пациенттердің құқықтарын сақтау, халықпен жұмыс және кадр саясаты.
Аккредиттеу медициналық ұйымның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. Сондықтан медициналық мекемеде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы пациенттің қызмет сапасының, жайлылығы мен қауіпсіздігінің жоғары стандартын көрсетеді.
«Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Алматы облысының халқы үшін жетекші медициналық қызмет көрсету орталығы болып табылады. Клиникада ең күрделі науқастарды уақтылы диагностикалау және емдеу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Аурухана заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі уақытта клиника дәрігерлері 25 бағыт бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетеді және жыл басынан бері жүзден астам операция жүргізді, осылайша клиника республикалық деңгейде жоғары технологиялық операциялар бойынша көшбасшылық позицияға көтерілді.
Ауруханада жоғары санатты 214 білікті дәрігер және 684 орта/кіші медицина қызметкері жұмыс істейді. Олар біліктілігін арттыру мақсатында республика бойынша және шет елдерде үнемі білім алып, тәжірибе алмасады.
Бұдан басқа, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жыл сайын кемінде 35 мың науқас медициналық көмекке жүгінеді, оның 14 мыңнан астамы стационарлық көмекке жатқызылады. Бұл жетістіктер мен ауруханаға жатқызудың жоғары деңгейі тек мықты басшылық пен білікті ұжымға байланысты», - дейді IAMS бас директоры Жұмағали Исмаилов.
"Сәтті аккредиттеу — бұл медицина қызметкерлерінің, әкімшілік қызметкерлердің және мекеме басшылығының ұжымдық еңбегі мен адалдығының нәтижесі", - деп қосты АККА директоры Эльмира Берикова.