Жетісуда 75 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдырды
- Толығырақ
- Жарияланды 07.11.2024 07:56
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 51
2024-11-07
Елімізде қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнге 75 мыңнан астам адам алды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді.
Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция. Жұқпаның алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту. Сондықтан да аурудың алдын алу үшін екпе алудың маңызы зор.
Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымының 40-43 апта аралығында ЖРВИ-дің 15 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде сырқаттанған 14 жасқа дейінгі балалар 66%. Ал зертханалық жолмен расталған тұмау жұқпаның 1 жағдайы ересектер арасында анықталды.
Мамандар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сырқаттанушылықты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын жалғыз және тиімді іс-шара ретінде вакцинациялауды ұсынады. Тұмауға қарсы екпе алу әлі де жалғасуда.