Емшілік Қасиеті мол қария

Әрбір адам   өзінің өнегелі өмір жолымен құрметті,ортасына сыйлы.   Соңынан ерген ұрпағы  «ата-бабаларымыз осылай өмір сүрген еді. Сол  кісілерден қалған  өсиет, өнеге еді» деп айтып жатса, міне, ұрпаққа үлгі болған, артыңда із қалды деген осы болар. Біз әңгіме еткелі отырған - өмірі көпке өнеге, біздер үшін үлгі болатын жан, көпті көрген,  данагөй Әуесхан Дүйсенбеков. Сарытөбе  ауылындағы 82 жастағы Әуесхан  атамызды іздеп келгенімізде, алдымыздан сөзі нық, қимылы ширақ, жан-жағына мейірімін төккен кейіпкеріміздің өзі шыға келгенде, шыны керек, басқаша елестеткенімізді жасырып қала алмадым.

 

                        ... Сонау артта қалған жылдар. Балалық шақ бәрі-бәрі көз алдында. Әке-шешесі   Әуесханды   4-ші  кластан соң  дін оқуына береді. Әкесі Дүйсенбек 9 жасында қайтыс болды. Әуесхан мал шаруашылығына бейімделіп сол салада  жұмыс атқарады. Колхоз құрылып,  колхоз  басшылары Әуесханды агроном оқуына жібереді. Құлжадағы оқуын 1958 жылы  желтоқсанда аяқтады. Мұнан соң Іле Қазақ өңірінде               кадрлар мектебінде оқиды. 1958 жылы елге оралады. Содан Сарытөбеге қоныстанып, ондағы  совхоздың малын бағады. Әуесхан Дүйсенбекұлының 12 баласы болған. Балалары білім алып, өмірден өз орындарын табады. 5 баласы қайтыс болды. Бір баласы Мәскеуде оқиды, подполковник атанған. Ұл-қызынан немере, шөбере сүйіп отыр. 1998 жылы Сарытөбеде ауыл имамы болды. 2000 жылдан бері Құранмен дем салып, ел қарай бастады. Тұмар жазады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, тағы басқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен келушілер көп.

                        - Менің емшілік әлеміне келуімнің өзі жұмбақ та тылсым оқиғалармен жалғасып, ұзақ жылғы сырқат пен сынақтан өткеннен кейін ғана  мойындалған нәрсе. Ал аурудың неден басталып, неге өршігенін тылсым бір күш жүрегіме сездіреді. Қазір маған келіп емделушілер сияқты менде кезінде ем іздеп, шарқ ұрып талай дәрігердің алдынан өткенмін. Түсімде сарала жылан көрдім. Түсімде Құран оқып отырамын. Қасиеті ерекше сүре оқып дем салам.  Көрінбеген нәрсе көрінеді көзіме. Өзім де ауырып,  ана  дүниеден қайттым. Құранның құдіреттілігі қайта өмірге әкелді. Қазір ұлым Береке 4 жасынан бастап құран жарысына қатысып келеді. 3 рет үздік атанды. 10 сүре, намаз сабағын түгел біледі. Діни сауатын арттырып отырады, Құдайға мың тәубе, балаларымның бәрі де өмірден өз орындарын тауып, адал еңбегімен ризық-несібелерін теріп жеп жүр. Балаларым да,  келіндерім де қас-қабағыма қарап, көңіл-күйімді ұғады. Жасқа да, кәріге де бірдеймін. Ел-жұртыма қадірлімін. Аллаға мың  шүкір, мен бақытты әкемін!»-деп Әуесхан ата әңгімесін аяқтады.

                        Көп жылдан бері халыққа қалтқысыз қызмет етіп, елдің елеулісіне айналып, марапаты мен мәртебесіне ие болып жүрген жанның бірі де бірегейі - Әуесхан атамыз. Әуесхан ата адамды да, ауруды да бөліп қарамай маскүнемдікті,  қояншық ауруын, жолы болмай жүрген адамдардың жолын ашады, пышақ тимеген  қатерлі ісік ауруларына ем жасап жүрген  қасиеті күшті емгер.

                        Қасиеті  мол Әуесхан ата адам бойындағы барлық ауру түрлерін емдеумен қатар  уақыты өтіп кетіп босана алмай жүрген әйелдерге, сәби сүйе алмай жүрген, өмірде жолдары болмай жүрген жандардың сауда да, қызметте, тұрмыста   жолдарын ашып, бойдағы  түрлі кесір-кесапаттардан дем салу арқылы айықтырады.

                        Өзін Нағима деп таныстырған емделуші айтады:

    - Осыдан біраз жыл бұрын біреулер үйімізге зиянкестік жасап еді. Содан бері үйден береке қашып, балаларым ауыра берді. Бір күні Әуесхан ата  туралы естіп,үйімді сол кісіге тазартып, өзімізге дем салдырып, тұмар жаздыртып алдық. Құдайға шүкір, қазір жағдайымыз оңалды, үйіміз берекеге толып отыр. Әуесхан атаға үлкен рахметімді айтамын.

                        Еділ, жүргізуші:

     - Менің әйелім бірнеше жылдан бері бала көтере алмай жүрді. Содан құранмен емдейтін Әуесхан ата туралы естіп, осы кісінің емін қабылдаған соң жағдайымыз өзгерді. Бүгінде балалы болдық, бақытты ғұмыр кешудеміз.

                        Абдрахман: «Қызым жынданып есі ауысып кеткен еді. Содан 6-7  кісі байлап осы Әуесхан атаға алып келдім. 21 күн  Құранмен емдеді. Құдайға шүкір қызым жазылды. Әуесхан атаға осы газет арқылы алғысымды айтамын.

                        Осылайша алғыс алып отырған Әуесхан ата сондай-ақ Үшаралдық – Гүлбаршын, Лесновкадан – Гәкку, Алтыүйден – Мақпал, Нәдектен – Ұлбала, Үлкеншығаннан – Хауа, Ақтөбеден-Камария              баласымен Астанадан-Айгүл, Талғардан - Алтынай, Есіктен-Гауһар, Алматыдан - Өмірбек, Ақмарал Маманова, Шонжыдан – Раушан, Үлкеншығаннан – Бану, Жаркенттен –Гүлсім, Сарқаннан Тұрсынғали, тағы басқа да көптеген келушілерді Құранмен емдеген. Бет –аузы қисайған, ақыл-есі ауысқандарды да Құран емдеді.

                        Қазақта «сүйегі асыл» деген сөз бар. Әуесхан  атаны көргенде осы сөз ойыма оралды. Бүгінде көненің көзіндей болған сүйегі асыл қарттарымыз көп емес қой. Қарт кісіні көрсем,             М.Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр...» деген өлеңі есіме түседі. «Ауылыңда төбең болса – ертеулі тұрған атпен тең, қазыналы қартың болса – жазылмаған хатпен тең» демекші, күн сайын  қатары сиреп бара жатқан тірі шежірелердің әңгімесін дер кезінде тыңдап, хатқа  түсіре алмасаң, кейін өкінеріміз анық. Жасы сексеннен асқан Әуесхан атаның өмірден көргені мен түйгенін сұрап, әңгімесін тыңдадық.

                        Қоштасарда Әуесхан ата бізге ақ батасын берді:

    Е, Құдайым оңдасын,

    Еш жамандық болмасын

    Қыдыр болсын жолдасың

    Жеті  кәміл қолдасын!

    Әруақтар демесін,

    Баптар келіп жебесін!

    Жақсылығымызды асырсын,

    Қатемізді   жасырсын!

    Жолдарымыз шық  болсын,

    Қастарымыз  жоқ  болсын!

    Жастарымыз  жарасқан,

    Жадырасқан  сән  болсын!

     Әумин!...»

Бағдат  Бейсенқызы .    

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4732876