«Бақытты отбасы»
- Толығырақ
- Жарияланды 22.01.2025 06:06
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 48
2025-01-22
«Денсаулық» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Кудерова Алтынай Алтайқызы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Панфилов аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдауға келгендер қатарында инфрақұрылым, тұрғын үй, жұмыссыздық және әлеуметтік көмек мәселесін айтқандар көп болды. Нақтырақ айтсақ, азаматтарды жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, алимент мәселесі және жергілікті тұрғындар ауыз су құбырларын ретке келтіру т.б. мәселелер бойынша азаматтар өз өтініштерін білдірді.
Қабылдау барысында аудан тұрғындарымен тілдесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, ұсыныс-тілектерін жинақтап, әр қойған сұрақтарына тиісті жауап берді.