Онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша сұхбат өтті

2025-02-17

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен Алматы қаласының Онкология ғылыми зерттеу институтының онколог дәрігері Назерке Тұрарбекованың қатысуымен «Онкологиялық аурулардың алдын алудың жолдары» тақырыбында сұхбат өтті. Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілерді қатерлі ісік ауруларының себептері, алдын алу шаралары және ерте диагностикасының маңыздылығы жөнінде ақпараттандыру.

 

Сұхбат барысында Назерке Тұрарбекова онкологиялық аурулардың негізгі қауіп факторларын, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын және уақтылы медициналық тексерулерден өтудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, ол дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене белсенділігін арттыру және стресс деңгейін төмендету арқылы онкологиялық аурулардың алдын алуға болатынын түсіндірді.
Әскери қызметшілер дәрігерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, онкологиялық ауруларды ерте анықтау әдістері, скринингтік бағдарламалар және қазіргі заманғы емдеу тәсілдері туралы қосымша ақпарат алды. Мұндай іс-шаралардың маңыздылығы ерекше екенін атап өткен қатысушылар, өз денсаулығына мұқият қарау қажеттігі жөнінде құнды мәліметтер алды.
Іс-шара соңында департамент басшылығы онколог дәрігерге алғысын білдіріп, осындай кездесулердің әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Алдағы уақытта да осындай маңызды тақырыптар бойынша ақпараттық кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Күнтізбе

« Ақпан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 5024874