сақтандыру қорының аударымдары мен жарналары

 

2017 жылғы 1 шілдеден бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден әлеуметтік төлемдер тусуде.

                Биылғы наурыз айының 1-і мен 31-і аралығында түскен міндетті медициналық сақтандыру жарнасының мөлшері 7,7 млрд. теңгені құрады.

 

                Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылы наурыз айының соңына дейін МСҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 55,1 млрд. теңге көлемінде қаржы аударылған. Оның ішінде, 46,8 млрд. теңге (85% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,3 млрд. теңгеге жуық қаржы (шамамен 15%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

                Алматы облысында көрсетілген кезеңдегі кірістердің жалпы сомасы 2 577 млн. теңгені құрайды. Көрсетілген мерзімде жұмыс берушілердің төлемдері 2035 млн. теңгені, жеке кәсіпкерлердің жарналары - 542 млн. теңгені құрады.

                Міндетті медициналық сақтандыру бойынша барлық ақшалай түсімдер Қордың Ұлттық Банктегі шотында сақталады. Қордың жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі, ол сондай-ақ ұйымның қызметін бақылайды.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4734937