Біз вакциналауды қолдаймыз
- Толығырақ
- Жарияланды 27.04.2018 08:14
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 2923
24-30 сәуірдегі Дүниежүзілік иммундау апталығына орайластырылған «Біз вакциналауды қолдаймыз!» атты ұранмен аудан көлемінде апталық жүргізілді. Сәуір айының соңғы аптасында өткізілетін Дүниежүзілік иммундау апталығы вакцинаның көмегімен сақтандыруға болатын аурулардан әрбір адамды қорғау үшін қажетті ұжымдық әрекеттерге назар аудартуға шақырады.
Вакцинация - бұл балаларды және ересектерді жұқпалы аурулардың алдын алудың ең жоғары, тиімді тәсілі. Жалпы вакцинацияны тәжірбиеге енгізудің нәтижесі сырқаттанушылықтың пайда болу жиілгінің төмендеуіне әкелді. Мемлекеттік вакцинация бойынша саясат екпені қолжетімді дәрежеге дейін жеткізді. Әрбір бала күнтізбеге енгізілген екпелермен жергілікті мекен-жайлары бойынша емханада, ақысыз түрде егіле алады.
Вакциналардың әрбір түрі ағзаға әр- түрлі тәсілмен салынады. Бұл ішке қабылданатын инъекция және тамшы болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Европа аумағының ортасында орналасқандықтан, күнделікті жұқпалы ауруладың сырттан енуінің де қауіпі зор. Осыған орай иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат ең басты алдын алуға бағытталған,ал сырттан жұқпалы ауру енгізілгенде басты мақсат жұқпаның таралуына жол бермеуге және жұқпаны жоюға бағытталады. Вакцинаның тиімділігі екпені уақтылы және толық алуға тікелей байланысты. Ата-аналар балаларының гепатит, туберкулез бен полиомиелитке қарсы алғашқы егулер босану үйлерінде басталатынын білуі керек. Иммундау анасының қатысуымен босану үйлерінің егу бөлмелерінде жүргізіледі. Егер анасы денсаулық жағдайымен баласының егілуіне қатыса алмаса, онда медицина қызметкері егуді анасының жазбаша келісімімен жүргізеді. Егу алдында бала дәрігерге қаралады. Вакцинаны енгізген баланың реакциясын босану бөлімдерінің балалар дәрігері күнделікті бақылайды. Босану үйінен шығар алдында анасына алынған егулері енгізілген бірыңғай үлгідегі Егу Паспорты табыс етіледі.
Баланы әрбір вакциналау алдында егу жүргізуге арнайы үйретілген және рұқсаты бар дәрігер қарайды. Баланың карточкасында денсаулық жағдайына қарай егуге болатындығын және бала қандай жұқпаларға қарсы егілу қажеттігін анықтайды. Дәрігер баланың анасына қандай жұқпаға қарсы егілетінін, вакциналауға қандай реакция болу мүмкіндігін және анасы ондай жағдайда не істеу қажеттігін түсіндіру қажет. Егілген бала иммунитет қалыптасуы кезінде белсенді медициналық бақылауға алынады.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 34-бабына сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация алу міндетті болып табылады және ақысыз жүргізіледі.Қазақстанда вакцинация әрбір адамға қолжетімді, оның ішінде басқа елден келгендер үшін де.Аталған Кодекстің 156-бабында «Қазақстан Республикасы аумағында жүрген барлық жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шегінде жұқпалы және паразитарлы ауруларға қарсы алдын ала екпелерді алуға міндетті» деп көрсетілген. Сәйкесінше, ата-аналардың балалар иммунизациясынан бас тартуы баланың өмірге және денсаулыққа деген құқығын бұзушылық болып табылады.Екпелер дәрігер қарауынан кейін, медициналық қарсы көрсеткіштерді сақтай отырып жүргізіледі.
Жыл сайын әлемде балаларды басқа жұқпалар қатерінен қорғайтын жаңа да жақсартылған вакциналар пайда болуда. Вакциналау балаларды және бар халықты полиомиелит, қызылша, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, туберкулездің ауыр түрлері, «В» гепатиті, қызамық, туа біткен қызамық белгілері, эпидемиялық паротит, гемофилді жұқпа және т.б. секілді бірқатар жұқпалардан қорғаудағы ең сенімді тәсілі. Вакцина көмегімен сырқат жағдайларын және көптеген жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітімді едәуір қысқартуға, ал олардың бірқатарын (шешек, полиомиелит) толық жоюға болады. Халықты вакциналауды тоқтатпауымыз керектігін естен шығармағанымыз жөн. Егу жүргізуде азғантай ақаудың болуы жұқпаны қабылдағыш адамдардың жинақталуына әкеліп, орасан бұрқ етпе жағдайда апарып соқтаруы мүмкін. Осындай бұрқ етпе жағдайлар Қазақстан Республикасында 1995 жылы болған, онда дифтериямен 1005 адам науқастанып, оның 66 қайтыс болған. Дифтерияның бұрқ етпе жағдайын басу мақсатында 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасында 3-тен 60 жасқа дейінгі халықты жаппай иммундау жүргізіліп, 10 млн. аса адам егілді.
М.Ходжамниязова,
иммунолог дәрігер.