Жетісуда тұңғыш рет Қазақстанның V ММА Кубогы өткізілмек
- Толығырақ
- Жарияланды 06.12.2018 08:59
- Автор: Super User
- Категория: Спорт
- Қаралды: 1902
2017 жылдың Қазақстан ММА Кубогында топтық есепте бірінші орынға ие болған Алматы облысының құрамасы, 2018 жылғы аралас жекпе-жек ММА Кубогын өз жерінде өткізу құқығына ие болған.
Осыған сәйкес, 4-8 желтоқсан аралығында Талдықорған қаласында «Қазақстанның V ММА Кубогы» өтеді – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан ММА Федерациясының президенті Дүйсенов Асылбектің айтуынша, Қазақстанның аралас жекпе-жек құрамасы әлемдік жетекші командалардың үштігіне кіреді.
"2013 жылдан бастап елімізде, спорттың осы түрі жаңадан дербес дами бастады. Бүгінде, біз әлемдік рейтинг бойынша үздік үштікке ендік. Мұндай нәтижеге қол жеткізуіміздің бір себебі ол, әр қазақ баласының жүрегіндегі қайсарлық пен батыл рух", - дейді ол.
Әуесқой жауынгерлердің жарысында, 16-17 жастағы ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесінде бақ сынайтын болады. Аталмыш додада, Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ден астам спортшы қатыспақ.
" Былтырғы өткен сайыста, біздің құраманың алдына нақты мақсат қойылды. Яғни, ештеңе қарамастан тек алға ұмтылып, үздік атану. Біз бұл миссияны ойдағындай орындадық. Облыс қоржынына 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль түсті. Енді чемпионат біздің өлкеде өтеді. Осы жылы да біздің құрама жақсы нәтиже көрсететініне сенімдімін", - дейді Қазақстан ММА федерациясының, Алматы облысындағы филиалының президенті Нұрлан Аманқұлов.
Сондай-ақ, жарыстың ерекшелігі - "BATTLE OF NOMADS-11" халықаралық кәсіби турниріндегі, Қазақстандық және шетелдік кәсіпқой спортшылардың кездесуі болып отыр. Атап айтқанда, ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпиондары Арман Әшімов, Шавкат Рахмонов, Дмитрий Кудинов - Испания, Қырғызстан мемлекеттерінің чемпиондпрымен рингке шықпақ.
Айта кету керек, турнир соңында Алматы облысының үздік жауынгерлік өнер спортшыларының жетістікке жету жолы мен ММА-ге деген сүйіспеншілігі баян етілетін фильм көрсетілетін болады.