Кербұлақ ауданының спортшысы дзюдодан Азия кубогының чемпионы атанды
- Толығырақ
- Жарияланды 23.07.2019 03:49
- Автор: Super User
- Категория: Спорт
- Қаралды: 1766
23.07.2019ж
Ағымдағы жылдың 13-15 шілде күндері аралығында Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен дзюдодан Азия кубогінде Кербұлақ ауылы Жоламан ауылының спортшысы Садуақас Бекарыс жасөспірімдер арасында 90 кг салмақ дәрежесінде және жастар арасында 100 кг салмақта І орын иеленіп, тағы да чемпион атанды.
Чемпион 2001 жылдың 13 сәуірінде Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында дүниеге келген. 8 жасынан бастап, дзюдо және қазақ күресімен айналысуды бастаған спортшыға 2017 жылы дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері дәрежесі берілді. 2016 жылы 81 салмақ дәрежесінде Словения мемлекетінде өткен Еуропа кубогінде ІІ орын, 2017 жылы 90 салмақ дәрежесінде Словения, Түркия, Ресей елдері қатысқан Еуропа кубогінде дзюдо күресінен жүлделі ІІ,ІІІ орын, сондай-ақ, Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында І орын иеленген.
Спортшының жетістіктеріне тоқталып өтсек, Ақтау қаласында өткен ҚР чемпионатында 90 кг салмақ дәрежесінде І орын, Түркия мемлекеті Анталия қаласында өткен Еуропа кубогінде І орын, Өзбекстан Республикасы Ташкенттегі Азия кубогінде І орын, Ливан қаласындағы Азия чемпионатында І орын, сонымен қатар, Қырғызстан Республикасы Ыстықкөлдегі Азия кубогінде І орынды иеленген.
««Күш атасын танымас», дегендей, жастайынан спортқа жақын ұланымыз бүгінде ел мерейін төрткіл дүниеде асқақтатуда. Бұл біздің ортақ жетістігіміз бен жеңісіміз!», - деді Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев.
Ал Садуақас Бекарыстың жаттықтырушысы Азамат Балпухов тәрбиеленушісі жайлы оң пікір айтып кетті.
- Бекарыс сегіз қырлы, бір сырлы, салмақты, еңбекқор, спорттық режимді қатаң ұстанатын спортшы. Әр қарсыласының осал тұсын тауып, соған қарсы айла-тәсілдер қолданады, - деді ол.
Жас майталманымызға өмір мен спорт белесінде алар асуларың көп болсын деп тілейміз