МЕТАЛЛУРГТЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
- Толығырақ
- Жарияланды 26.07.2019 04:18
- Автор: Super User
- Категория: Спорт
- Қаралды: 1696
26.07.2019ж
Металлургтердің кәсіби мерекесі аясында, Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің кәсіподақ комитеті мен қалалық спорт бөлімі бірлесіп, Металлург стадионында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыстың салтанатты ашылуында Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің басшысы К. Жамакин зауыт қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
- Шілде айының үшінші жексенбісі - металлургтер күні. Дәл сіздер еліміздің өнеркәсіптік қуатын нығайта отырып, еліміздің экономикасын өркендетуге зор үлес қосып келесіздер. Осы кәсіби мерекелеріңізде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін,- дейді ол.
Жарысқа ұзын саны 11 команда қатысты. Домна пештің көрігін қыздырып, отандық өндірісті өрге сүйреген текелілік металлургтер салауатты өмір дағдысының да тамаша үлгісін байқатты. Жасыл алаңда теңбіл допты еркін көсілтіп, көпшілікті тәнті етті.
Жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар кубок, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, «Менің ата-анам металлург» тақырыбында балалар арасында сурет салудан өткен жарыстың жеңімпаздарына да бағалы сыйлықтар табысталды.