Қасенхан СЕрғазиев - әлем чемпионы

17.10.2019ж

Жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында грек-рим және еркін күрестен ардагер палуандар күш сынасқан болатын. Әлем чемпионатына қатысушылар салмақ дәрежелеріне қарай күресті.

Олардың ішінде жерлесіміз Қасенхан Серғазиев та болып грек-рим күресі бойынша әлем чемпионы атанып, мойнына алтын медаль тақты. Сондай-ақ бұл жолы еркін күреске де қатысқан Қасенхан күміс жүлдеге ие болды.
Ауданымыздағы белгілі жаттықтырушы, спорт ардагері Қ.Серғазиевті 14 қазан күні Жаркент қаласының кіре берісінде жастар мен спорт сүйер қауым, туыстары мен достары, сондай-ақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Қонашев гүл шоғымен қарсы алды. Иығына шапан жауып, Б.Айнабеков қария ақ батасын берді. Сондай-ақ спорт майталмандары сөз алып, чемпионды жеңісімен құттықтады.
Бұл күні Қасенхан Серғазиевті аудан әкімі қабылдап, ізгі тілегін білдіріп, бағалы сыйлығын табыстады.
Ж.Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4138608