Ескелді ауданында су жаңа спорт кешені ашылады

23.10.2020ж

Алматы облысының түкпір-түкпірінде денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде. Солардың бірі Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында.

 2019 жылдың 17 тамызында құрылыс басталған. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың қараша айының аяғында қолданысқа берілуі тиіс.

 Сәулетті ғимарат бұрынғы «Жастар» деп аталатын спорттық алаңның орнына салынған.Бас мердігер «Құрылысшы-ТБ» ЖШС. Аталған шаруаға бюджеттен 1 млрд. 134 002,8 мың теңге бөлінген. Кешеннің жалпы аумағы  4595,45 шаршы метр.Нысан 2 қабатты,3 блоктан тұрады.

Жобаланған ғимаратта командалық ойындарға арналған  зал, күрес, бокс, сыйымдылығы 26 адамды қамтитын тренажер залдары мен киім ауыстыратын бөлме, медициналық кабинет, әкімшілік үй- жайлары, асхана, киім ілетін орын бар.

Ойындардың барлық түрі үшін тиісті спорттық жабдықтар арналған.Залды трансфермациялау кезінде сабақ түріне байланысты спорттық құрал-саймандардың бір бөлігі снарядқа жиналады Баскетбол сөрелері портативті. Волейбол торы мен бадмитонға арналған тіректер еденге бекітілген. Сондай-ақ, әмбебап залда 120 орынға лайықталған трибуна жоспарланған.Және де жиын өткізу үшін 40 орындық мәжіліс залы жасақталмақ. Одан өзге 32 орынға жасалған асхана да нысан ішінен орын тепкен.

«Бүгінгі таңда 1 блок-95%,2 блок-92%,3 блок-93% пайызға аяқталып отыр.

Кешен басында 64 адам мен 5 бірлік техника жұмыс істейді. Алдағы уақытта «денешынықтыру-сауықтыру кешенінде» 33 қызметкер еңбек етпек»-дейді Ескелді ауданының әкімінің орынбасары Елдос Тұрсынбаев.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4781377