Ойын алаңдарын жөндеуге 300 млн-ға жуық қаржы бөлінген.

26.10.2020ж

Текелі қаласында 22 балалар ойын алаңы, 6 Workout алаңдарының құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы көшпелі баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

 Балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстарын «  Golden City» ЖШС жүргізген. Ал, Жиын барысында «Жеңіс» көшесінде орналасқан спорт алаңдары таныстырылды. Ал, Workout алаңдарын « Қалым» ЖК жүргізген.

Бөбектерге лайықталған алаңқайға 287 млн. 500 мың теңге бөлінген. Workout үшін 21 млн 248 мың теңге қаражат жұмсалған дейді қала әкімі Батыр Қайыркенұлы.

Бүлдіршіндердің ойын алаңының құрылысын  6 топ, жуықтап алғанда 15 адам жасаса, Workout алаңдарының құрылысына 10 адам жұмылдырылған.

«Қаламыз гүлденіп келеді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жағдай жасалған. Салауатты өмір салтын ұстанған әрбір тұрғын осында келіп шұғылданатын болады.  Қыс түскенше біз өзіміздің сүйікті спорт түрімізбен айналысамыз»,- деді қала тұрғыны  Давид Марзыбеков.

Күнтізбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1491977