Тоғызқұмалақтан турнир өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 05.12.2017 05:28
- Автор: Super User
- Категория: Спорт
- Қаралды: 2467
Қараша айының 17-і күні тыл ардагері Сакиев Абдулаким Теипұлының 85 жылдығына орай еске алу турнирі қаладағы №2 спорт мектебінде өтті. Тоғызқұмалақтан аудан мектептері арасында өткен бұл турнирге 15 мектептен келген оқушылар қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатына ардагерлер мен спорт сүйер қауым, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, онда А.Сакиевтің өмірі мен еңбек жолы көпшілікке таныстырылды.
Тыл ардагерін еске алу турниріне арнайы қатысқан аудан әкімі Б.Абдулдаев салтанатты шараның тәрбиелік мәні зор екенін айтты, еліне еңбек еткен аяулы азаматтың ұрпақтарына осы шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.
Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақтан өткен турнирде зейнеткер А.Надиров, алты бала тәрбиелеп өсірген А.Сакиевтің зайыбы Идаят, Жаркент қалалық қоғамдық кеңесінің төрайымы Г.Молчанова, зейнеткер С.Бекебаевтар сөз алып, тыл ардагері туралы естеліктерін айтты.
Турнирдің ашылу салтанатында оқушылар ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Бұл күні тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздары Кубок, медаль және ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Турнир соңында «Атлантик» мейрамханасында ас берілді.
Б.Жұмағазы.