2021 жылы Алматы облысында 16 спорт кешені жұмыс істейтін болады

03.03.2021ж

Алматы облысында спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Соңғы 5 жылда өңірде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, ал биыл тағы бесеуі салынады. Сондай-ақ ауылдарда 8-ден астам шағын спорт кенедерін ашу жоспарлануда.

Бұл туралы жақында спорт саласындағы 2020 жылдың қорытындысын шығаруға арналған салтанатты шара барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.

Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен 37 миллион теңге сомасына 54 адам марапатталды. Олардың арасында халықаралық аренада қала мен елдің намысын қорғайтын спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, спорт мектептерінің басшылары, сондай-ақ спорттық өмірді белсенді насихаттайтын журналистер бар. Сондай-ақ, өңір басшысы Облыстың балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне арналған шағын автобустар мен жеңіл автомобильдердің 22 кілтін табыс етті.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтау сөзінде дене шынықтыру және спорт саласын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау ұлт денсаулығын нығайтудың басты кілті бола отырып, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

"Елбасы мен Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысында спортты жан-жақты дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Бүгін облыс тұрғындары облыс орталығында құрылысы аяқталуға жақын бірегей нысан – олимпиадалық типтегі жабық жүзу бассейнінің ашылуын асыға күтуде. Өткен жылы Қарасай және Ескелді аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Көксу ауданы Балпық би ауылында спорт кешені ашылуға дайын. "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында осындай 5 кешен Балқаш, Алакөл, Ұйғыр, Ақсу, Райымбек аудандарында салынуда. 2020 жылы облыста спорт саласын дамытуға 18,3 миллиард теңге жұмсалды", - деді Амандық Баталов.

Сондай - ақ, арнайы қонақтар-қазақстандық кәсіпқой  палуан Ардақ Назаров, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров, қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы шақырылды. Кездесу барысында Ардақ Назаров әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, облыс әкіміне "Оскар" сияқты спортшыларға арналған дәстүрлі "Хан Тәңірі"өңірлік сыйлығын өткізуді ұсынды. Өз кезегінде облыс әкімі Амандық Баталов спортшының идеясын қолдады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ғана облыс спортшылары Жетісудың қоржынына 292 алтын, 258 күміс және 303 қола медаль салып, 853 түрлі дәрежедегі марапатты жеңіп алды. 20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 спорт шебері, 375 спорт шеберіне үміткер және 166 бірінші спорттық разрядты спортшы дайындалды.

Жергілікті спортшылар Токиодағы XXXII (32-ші) жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 7 жеке және 1 командалық лицензия алды. Олардың арасында Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин (садақ ату), Айман Ратова (жеңіл атлетика), Асхат Ділмұхамедов (грек-рим күресі), Пономарев Сергей (велоспорт), Зульфия Чиншанло (Ауыр атлетика) бар. Олардың барлығына ақшалай сертификаттар берілді.

Командалық спорт түрлерінен де нәтижелер байқалады: волейбол, регби, футбол. Мысалы, Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында еліміздің 8 дүркін чемпионы және Қазақстан Республикасы Кубогының иегері, Қазақстан Республикасы Суперкубогының екі дүркін иегері болып табылатын аты аңызға айналған "Жетісу" волейбол клубы биыл өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ, "Жетісу"футбол клубы 40 жылдығын атап өтеді.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1765010