Көкпар-сайыс көркі

Жуырда   Төменгі   Пенжім   ауылы   тұрғындарының    ұйымдастыруымен ұлттық спорттың бір түрі Көкпардан жарыс өткізілді.Көкпарға ауданымыздағы елді мекендерден және Кербұлақ ауданының командалары қатысты.

 

                Ұлттың ат спортының бір түрі көкпар ойынына 200- ден астам ат қатысты.

Онда шеңберге салым салу түрі бойынша бәсеке басталып,ойын өте қызықты өтті.

Ат шабар алаңының қасына ақшаңқан үйлер тігіліп келуші азаматтарға арнайы ас берілді.

Шараны Пенжім ауылдық округінің әкімі Е.Ысқақов кіріспен сөзбен ашып Көкпарды Кербұлақ ауданынан келген Нұрлан атты жігіт басқарып, шешендігімен көкпаршыларды баурап алды.

Көкпаршылар бұл күні ірі жеңістерге қол жеткізді.Атап айтқанда:Кербұлақ ауданынан келген қөкпаршы жігіттердің жеңісі үшін сыйлыққа жылқы берілсе,Алмалы ауылының көкпаршысы 1000 тг сыйлыққа ие болды.

                Сондай-ақ Әулиеағаш,Тұрпан жағы басқа ауылдарының спортшылавры да ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Көкпар  эстафета ретінде Көкталдан келген жігіттерге тапсырылды.Кезекті Көкпар Көкталда өтеді.

 Б. Жұмағазы.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net