Ел жасөспірімдері - Жаркентке келіп күресті

02.04.2021ж

Әр көктемнің ізгілікті іс шараларымен бастау алар наурыз мейрамы алдында жазиралы Жаркент шаһарының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер (U-15) арасында ҚР чемпионаты өз дәрежесінде болып өтті.

 

            Дүниежүзіне тарап отырған короновирустық індетінің карантиндік шараларын қатаң сақтай отырып, үш күнге созылған бұл ресми жарысқа еліміздің барлық облыстары бас қосып және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына қоса, кейбір грек-рим күрес мектептерінен 400-ден астам жас балуандар келіп 12-салмақ бойынша өз үздіктерін анықтады.

            Расында да панде- мия жағдайынан бір жылға жуық ірі жарыстарға шықпаған жас балуандарымыздың бозкілемді әбден сағынып қалғандары құлшыныстарына қарап осы өткізіліп отырған ресми жа- рыста анық байқалды.

            Күш атасы - Қажымұқан, күрес десе бір тоймаған соның ішінде қазақ халқының танымында «тектіден текті туады, атаның жолын қуады» - деген бұрыннан ғасырлар бойы келе жатқан тәмсіл сөз бар. Содан болар тегіннен тегін болмаса керек, әлемге танымал еліміздің даңқты балуаны Дәулет Тұрлыханов ел Тәуелсіздігінің бастапқы жылдарында осы Жаркент өңірінен грек-рим күресі бойынша өз спорт клубын ашқан болатын. Көп ұзамай осы «Дәулет-Жаркент» спорт клубы өз жемісін беріп, аралары- нан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев шықты. Сондай-ақ осы клубтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Демеу Жадыраев 2017 жылы Франция- да өткен Әлем чемпионатында ви- це-чемпион атанып, бүгіндері де ол өз бабында екенін дәлелдеу үстінде шегеріліп отырған Токио Олимпиа- дасында бағын сынап қалар деген үміткерлеріміздің бірі болып отыр. Бұл аз десеңіз «алтын шығар жерді – тереңдей қаз!» - демекші осы «Дәулет- Жаркент» спорт клубынан түлеп ұшқан қаншама шәкірттерінің ішінен Жігер Раймбеков пен Ернар Рамазанов- тар өз кезінде грек-рим күресінен әлемдік деңгейдегі жасөспірімдер арасындағы жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған, олар бүгіндері өз ісінің шеберлері ретінде болашақ жастардың қолында екенін нақ түсініп, күреске кел- ген әр балаларға дұрыс бағыт-бағдар беруді өздеріне басты мақсат ұстанып, өз ауданынан негізі грек-рим күресінен Олимпиада шыңын бағындырар шәкірттер шығуына барынша еңбек етіп, қызмет етуде.

            Жалпы қазақ спортының шын жанашыры кім? - дегенге кел- сек, мен осы жолдардың авторы мақаламды газет бетіне беруге дай- ындап отырғанда көктемнің күн мен түні теңелетін тура 22 наурыз күні теледидардан Қазақстанның танымал журналисті Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті деген суыт хабар берілді. Қайран «Қазақ спорты» газетінің бас редакторы Дүрәлі Дүйсебай өзі басқарып отырған газетінің №11-12 (5311) 18 наурыз 2021 жылғы санының бас редак- тор бағанына өзінің «Сіз болмасаңыз ЕЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРІ - ЖАРКЕНТКЕ КЕЛІП КҮРЕСТІ қайтер едік, аға!» деген соңғы мақаласын басқан екен. Онда ол Қазақстанның ірі баспаларын басқарып бірге жұмыс атқарып келген жазушы-журналист Ырым Кененбаевтың дүниеден озуына байланысты «Сізге биылғы көктемнің наурыз мейрамы көру бұйырмай, қырқыңыз болуды жазған екен» - деп қимастығын білдірген еді!!!

            Беу дүние-ай! «Аман болсақ «Қазақ спорты» газетін өлтіре қоймаспыз» - деп газет үшін барын са- лып жүріп өзі де аяқ асты кете барды. Жаны жайсаң, жаратылысы қандай кең болса, болмысы да сондай дарқан көңіл қаламгер журналистің артын- да қалған шәкірттері мен мыңдаған оқырмандары және шын спорт жанашыр азаматтар барда рухани азық газетімізді өлтірмейміз дегім келеді.

            Ал енді осы Жаркент жерінде өтіп отырған грек-рим күресінен 2006- 2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының өту барысындағы салтанатты ашылу рәсіміне арнайы құрметті қонағы болып келіп, сөз сөйлеген грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және үш дүркін Азия чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Юрий Мельниченко өз сөзінде осын- дай өмірлеріндегі ірі жарысқа қатысып отырған жасөспірім спортшылар мен оның бапкерлеріне сәттілік пен жеңіс тілеп, араларынан Нұрбақыт Теңізбаев ағаларына ұқсап, армандарыңа қанат бітіріп, еліміздің абыройын асқақтатар даңқты спортшылар шығуына себеп бол- сын дей келе, әр спортшының арманы Олимпиада болса, соны көрер күн бол- сын деп сөзін аяқтады.

             Одан кейін сөз алған Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев өз сөзінде: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған республикалық деңгейдегі бұл жарыс Ел Прездентіміздің алға қойған Ұлт жоспарына сәйкес ел дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосатынына тоқталды.

            Расында да спорттың бір құдіреті, әлемде әр мемлекеттің Туы мен Әнұраны тек Мемлекет басшылары Президенттері келгенде ғана орындалса, одан кейін жеңіс тұғырына көтерілген спортшының ғана құрметіне Тулары көтеріліп, Гимні шырқалады... «Мен ел игілігі үшін қызмет еткелі осыдан тура жиырма бес жыл бұрын Қаскелең ауда- ны әкімінің орынбасары кезімде Атлан- та Олимпиадасының алтынын арқалап елге оралған Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченконы қарсы алу бағы бұйырып еді, енді міне Олимпиада чем- пионымен Жаркент жерінде кездесуіме сәті түсіп Олимпиада алтыны бүгінгі жастарымызға жұғысты болсын» - деп чемпион иығына шапан жауып құрмет көрсетілді.

            Бұдан кейін сөз кезегін алған грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ал- маты облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаев сөз басын Мемлекет басшы- сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларға тоқтап: «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады.

            Бүгіндері Президент Жол- дауын басшылыққа алған Алматы облыстық спорт басқармасы облыс аумағында 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы спорттық құрылымдары артып, бүгінгі күнге жалпы саны 3702-ге жетті. Сол сияқты облыс аумағында жал- пы бұқаралық спортқа жаппай тартылған жандардың саны межелеген 30 пайыз- дан асып отыр. Оның ішінде «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021- 2025 жылдары аралығында мемле- кет басшысының тапсырмасын негізге алып, облыс аумағында біраз жұмыстың басы қайырылды. Нақты атқарылар іс шараларға келсек Панфилов ауданы бойынша халық саны 3 мыңнан аса- тын аса қажетті 5 ауылдық елді мекенге биылдан бастап мемлекет қаржысымен спорт кешендерін салуға өтінім қабылданып бекітілді. Осылай деп сөзін қорытындылаған облыстың бас спорт- шысы Нұрбақыт Молдахметұлы бүгінгі Жаркент жерінде өткізіліп отырған грек- рим күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатын ашық деп жариялады.

             Одан кейін осы республикалық жарыстың бас төрешісі: грек-рим күресінен ҚР спорт шебері, ҚР жасөспірімдер арасындағы аға бапкер Е.Өркешев бастаған әр облыстардың аты жазылған тақтайшаларды көтерген ұлттық киімдегі қыздар мен әр команданың жасөспірім капитандары кең де жарық спорт сарайына еніп, сап түзеп Мемлекеттік Көк туымыз көтеріліп Ән-ұран Гимн орындалды.

             Одан әрі спорт кешеніне төселген үш боз кілем үстінде үш күн бойы жалғасқан жарысқа қатысы бар деген спорт майталмандары мен ау дан, облыстың «Құрметті азаматта- ры» қатысып олардың ішінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алматы облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының Президенті М.Көлбаев, «Нұр-Отан» партиясының Алматы облыстық мәслихатындағы VІІ-ші шақырылым де- путаттары С.Ақсубаев пен М.Аубакиров, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы жаркенттік Жұмақан Тұрғанбеков, грек- рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт ардагері 50-60 жас аралығындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионаттарының 2010 жылы қола, 2017 жылы күміс, 2019 жылы ал- тын медальдарының иегері, Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» Жаскент ауылында грек-рим күресінен балалар бапкері Қасенхан Серғазиев, Жаркент қаласының әкімі Б.Омаров, Жаркент №1 БЖСМ директоры Панфилов аудандық мәслихатының депутаты «Нұр-Отан» партия факциясының спорт сала- сы бойынша өкілі Қ.Иманханов және басқа да спорт жанашырлары қатысып, жүзден жүйрік шыққан жас балуан спорт- шы жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жеңіс тұғырына шығарып, марапаттары мен сый құрметтерін көрсетті. Енді өз салмақтарында үздік шыққан жас ба- луандар ұлттық құрамаға қабылданып, ел намысын қорғамақ. 2021 жылғы грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер (U- 15) арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің толық тізімі: 35 келі: 1. Данабек Нұрдәулет (Алматы облысы), 2. Рус- лан Илахунов (Түркістан облысы), 3. Қаршыға Бекзадұлы (Қарағанды об- лысы), 4. Мамбет Шыңғыс (Ақтөбе облысы). 38 келі: 1. Мұрат Диас (Алматы облысы), 2.Болатбек Ақжол (Жаркент), 3.Кеңес Нұртілек (Түркістан облысы), 4. Мағжан Каденов (Х.Аққалиев ат.ск). 41 келі: 1. Мұқан Бекнұр (Ақтөбе облысы), 2. Мұқамбетсадық Ердис (Ақтөбе облысы), 3. Едіге Толеутаев (Алматы қаласы), Владимир Алексеев (Солтүстік Қазақстан облы- сы). 44 келі: 1.Тұрсымат Ақан (Алматы қаласы), 2.Бекет Ай- дын (Ақтөбе облысы), 3. Мирас Нұрдәулетов (Ақтөбе облысы), Дайыр Ерасыл (Маңғыстау облысы). 48 келі: 1.Әуес Аян (Нұр- Сұлтан қаласы), 2.Ахон Омар (Ба- тыс Қазақстан облысы), 3.Тұражы Ерғали (К.Ахметов ат. ОРРММИК) Жаңажол Жәнібек (Қ.Мұңайтпасов ат.ОРРММИК). 52 келі: 1.Ләсім Ердәулет (Түркістан облысы), 2. Жарас Махсетов (Маңғыстау облысы), 3. Қазбек Қалмағанбетов (Ақтөбе об- лысы), Қайсар Рымханов (Шығыс Қазақстан обысы). 57 келі: 1. Тұрлығазы Әлібек (Нұр-Сұлтан қаласы), 2. Кан Марк (Қостанай облысы), 3. Молдабек Даниял (Алматы облысы), Тұрсымбек Бақдаулет (республикалық спорт колледжі). 62 келі: 1.Төлендік Айдынғали (Ақтөбе облысы), 2. Аманжолұлы Алмас (Алматы облысы), 3. Ахмет Нұрдәулет (Жамбыл облысы), Бақтығұл Бағлан (Жамбыл облысы). 68 келі: 1.Шымырбек Бейбарыс (Жамбыл облысы), 2. Әли Махаметов (Алматы облы- сы), 3. Абылай Тоқсанбаев (Алматы қаласы), Эйзембрат Даниил (Солтүстік Қазақстан облысы). 75 келі: 1. Сулян Вагабов (Қостанай облысы), 2. Мұхамбет Кенжебеков (Қызылорда облысы), 3. Нұрсұлтан Байзақов (Ал- маты қаласы), Аманжолұлы Ерасыл (Түркістан облысы). 85 келі: 1. Нұркен Мұратов (Шымкент қаласы), 2.Укринцев Максим (Қостанай облысы), 3.Тұрсынбек Дулат (Алматы облысы), Асанали Серікпаев (Павлодар облысы). 100 келі: 1. Байрам Набиев (Шымкент қаласы), 2.Қабылкак Айбар (Алматы облысы), 3. Сұлтан Қарашаев (Ақтөбе облысы), Дмитрий Пасечник (Қостанай облысы).

Сұлтанғазы ҚОҚАБИ, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық БЖСМ-нің жаттықтырушысы, ардагер мүгедек спортшы

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725616