Тай боксының тарланы шекарада

2024-05-30


 Шекара шебінде өнердің түр-түрін еркін меңгерген жандармен қатар спортты да өмірлік серігіне айналдырған оғландар жүр. Олар жауынгерлік қызметте де жетістіктерімен көзге түсіп, әскери ұжымының мерейін арттыруда.

Бүгінгі кейіпкеріміз шекарашы сарбаз. Ол ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Даниил Первых.  

21 жастағы Даниил Павловичтің спорттағы жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иеленген. Қазақстан Республикасының чемпионы және спорт шебері.

Қатардағы жауынгер Даниил Первых:

-   Спорттың Тай бокс  түрімен 12 жасынан бастап айналысамын. Жаттықтырушым танымал спортшы Александр Пичкунов. Сол кісінің қатал талап қоюының арқасында көптеген жетістіктерге жеттім. Спорт шебері атандым. Мерзімді әскери қызметіме келетін болсам, әскери өмірге көңілім толады. Бірнеше апта бұрын Отан алдында Ант қабылдадым. Әскери өмірдің әліппесімен таныстым. Саптық жаттығуға төселіп қалдым. Қазіргі кезде шекаралық бақылау мамандығы бойынша дәріс алып жатырмын. Шекара шебіндегі қызметке дайындалудамыз. Бір жыл деген көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Келесі жылдың көктемінде жанұяма ораламын. Үйде анам мен үш әпкем менің амандығымды тілеп, әскерден оралғанымды күтіп отыр, - дейді.      

Күш-жігерінің арқасында спорттық жетістіктерге қол жеткізген сақшының шекара шебінде де үздіктердің қатарында көрінетініне сенімдіміз!

  

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4841319