Азия құрлығының чемпионы

Жаркент  қаласындағы «Даулет-Жаркент» кәсіпқой спорт клубының түлегі  Қабдунасыр Ғалым Бақытұлы жуырда  Индияда өткен Азия құрлығының  чемпионы атанды.  Жеңімпаз жерлесіміз грек-рим күресінен  жеңіске қол жеткізіп республикамыздың намысын  қорғады.

 

                Жуырда қала тұрғындары мен жастар және спорт сүйер қауым балуан Ғалымды Жаркент қаласының  кіреберісінде  салтанатты  түрде  қарсы  алды.

                Қазақстан Республикасының көк туын желбіреткен спорт саңлағын әжелер шашу шашып, жастар гүл шоғын сыйлап қуаныш құшағына бөледі. Өңірімізге белгілі суырып салма ақын Тоқан Шабеков  жырдан  шашу  шашып, жүрекжарды  сөздерін  айтып,

Азия  құрылығында  топты  жардың,

Индияда спорттан оттай жандың.

Көтердің қазағыңның Көк байрағын-деп  ән  салып асқақтатты. Жас спортшыны аспанға көтеріп, жерлестері  шексіз қуанышқа бөленді.

                Аудан әкімі Темірлан Бектасов Ғалым Бақытұлының қолын алып, құттықтады. Балуанды қарсы алу рәсіміне қала әкімі Талғат Нұрмолдаев та қатысып, қуанышқа ортақтасты.

                Жаркент қаласының кіреберісіндегі арка   алдында өткен бұл  салтанатты кездесуде аудан әкімі  Темірлан  Амангелдіұлы балуанның  әкесі  Бақытқа және бапкері Құдайберген Ағымовтың иығына шапан жауап сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ Азия құрлығының чемпионына  биіктерден   көріне   беруіне  тілек   білдірді.

Б.Жұмағазы.

 

 

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net