Ұлтаралық татулық
- Толығырақ
- Жарияланды 14.12.2018 04:50
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 2016
Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты – Конституциямызбен бекітілген: «Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген.
Демек, қоғамда тұрақтылықты, татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылады. Біз қәзір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.
Панфилов ауданында өзге ұлт өкілдері тығыз шоғырланған елді мекендер қатарына Жаркент қаласы, Көктал, Шолақай, Үлкеншыған, Бірлік, Пенжім ауылдық округтерін қосуға болады. Бүгінде этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау, өзге ұлт өкілдері өздерін толық қазақстандық азамат ретінде сезінуі, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласу үшін түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп және тиімді жұмыс тәсілдері қолданылып келеді.
Ауданда үш мәдени орталық бар. Олар: «Панфилов аудандық Ұйғыр этномәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы – Насыров Дилшат Хусаинович (жеке кәсіпкер). Дүнген мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі төрағасы – Лосанов Исмаз Харькиевич (жеке кәсіпкер). «Талдықорған орыс орталығы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалының төрайымы – Коляд Алена Александровна (Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі).
Осы этномәдени орталық өкілдерінің белсенді мүшелері аудандағы барлық саяси маңызы бар шараларға тартылып, әкімдік жанындағы түрлі комиссияларға енгізілген.
Ұлтаралық татулық пен рухани келісімді сақтау мақсатындағы аудандық деңгейдегі шаралар негізінен осы елді мекендерде ұйымдастырылуда. Өзге ұлт өкілдерінің өз тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтап қалу үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, Көктал ауылының «Рябинушка» ансамблі, Пенжім ауылдық округіне қарасты «Шатлық» ұйғыр халықтық фольклорлық ансамблі, Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты «Парвәз» халықтық фольклорлық ансамблі өз ұлтының салт-дәстүр мен мәдениетін насихаттауда біршама жұмыстар атқаруда. Жастардың бос уақытын дұрыс пайдалану үшін ұлттық ән-би үйірмелеріне қолайлы жағдай туғызған.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда аудан әкімдігі ауданда тұрып жатқан барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуде әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастыруды басты назарға алған.
Аталған этномәдени орталықтары халықтардың мәдени мұрасын жандандыруды сақтау, рухани бірлік, халықтар достығы, ұлтаралық келісім идеясын қалыптастыру, мәдениет және тарих туралы білімдерін тарату, этностық топтардың қарым-қатынас дәстүрін және өз болмысын әрі қарай дамыту бағытында жұмыс жасауда.
Аудан әкімі Бектасов Темірлан Амангелдіұлы этномәдени орталықтарының өкілдерімен жиі кездесіп, барынша көмегін көрсетіп келеді. Өмірде туындаған көкейкесті мәселелерді уақытында шешуге ықпал етіп, барлық этностарды қазақ халқының маңайына топтастырып, ең басты ұлттық құндылықтарымыз – татулық, достық, бірлікті сақтау басты міндетіміз.
М. Илипов,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің басшысы.