Қазақ поэзиясының пайғамбары

20.09.2019ж

2091 әскери бөлімде қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға, қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуге орасан зор еңбек еткен Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Ұлы халықтың –ұлы Абайы» атты ТӘҚжИЖ бөлімі және әйелдер кеңесі ұйымдастырған әдеби сазды кеш өтті

.Кеш мақсаты жеке құрамға, яғни жас ұрпаққа Абай атамыздың шығармашылығын жүректеріне терең бойлату, құдіретті асыл сөз, қара сөздерін бойларына сіңірту болып көзделген.

                Аталмыш кеште жүргізуші майор А.Дарибаев жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, ана тынысы, заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, алтын қазынасы деген түсінікті көрермендердің бойына сіңіртті. Ұлы биік тұлғамыз сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған «Шекара жүректері» ВИА солисті Рустам Арипов орындауында: «Айтым сәлем қаламқас», «Көзімнің қарасы» әндері орындалды. Табиғат лирикасы дүниежүзілік поэзиядан алған бір үлгісі. Бұл лирика жайлы комендант ротасының атқышы қатардағы Н.Ивонин Абайдың «Күз» атты өлең жолдарын оқып берді. 

      - «Орыстар үшін- Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс» деп К.Кулиев айтып кеткендей, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Ұлылықтың сырына қанық болған көрермен, даралықтың қандай болатынын ұғынды деген сенімдеміз, дана атамыздың бүгінгі жарқын бейнесі бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Л.Батырханова,

Жаркент шекара отрядының

прапорщигі.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846703