Тарихта қалған тұлға

04.10.2019ж

Ұлт мұраты мемлекетті  қалыптастыру жолында ерен еңбек етіп, қазақ руханиятының әдебиеті  мен  мәдениетінің   дамуына сүбелі үлес  қосқан Хакім Абай – қазақтың  классикалық  поэзиясының  асқар  шыңы  болып саналады.

     Абайдың  мұрасы мол. Соның ішінде  моральдық- философиялық,  қоғамдық –саяси және кейіптік сатиралық ой толғаулары  болып табылатын «қара сөздері» маңызды орын алады. Бұл ақынның көп жылғы ой-толғанысының, мазасыз көңіл – күй кемуінің және азаматтық  жанайқайының жемісі.

   Бүгінгі таңда Абай шығармалары әр қилы мәдениеттерді  жақындастырып,  барлық көзі ашық  адамзаттың рухани игілігіне  айналып  отыр.

   Негізінен Абай  -қазақ  поэзиясындағы ең бір  таргедиялық тұлға. Ол  жан жарасы жазылмай  кеткен ойшыл.  Қазақ поэзиясын Абай тұңғыш рет терең философиялық қуатты оймен  суарды. Абай есімімен қазақ  топырағына  философиялық және стилистикалық  бағыттағы жаңа поэзия келді. Сонау ХІХ  ғасырдың  соңында  шыңдалған Абай жыры ХХ ғасырдағы реалистік поэзияның биік шыңына айналды.  Абай қашанда халық жағында, халықтың  жалғыз  қазынасы болып ерекшеленеді.

   Ақын поэзиясының  бояуы, нақышы, әдеби  философиялық ерекшелігі мен еркіндігі  барған сайын  кемелдене түсті. Абай поэзиясы  сиқыр үн мен құпия сырға тұнып тұр. Абай  өлеңі – қуатты  жан тебіренісі,  қайыспас  жанкештілігін және ішкі бостандығы. Абай шығармашылығы шексіз қайғы мен жанталас  қасіретке толы.  Абай лирикасы  адамның өміріне ой мен сезім әлемін еркін жетелеп  халықтың тарихи тынысын да кең ашады.

  Оның мұңға тұнған әндері ізгілік  ақыл мен биік  тазалыққа  шақырады. Абайдың бойына біткен өнер қуаты  көңіліңді  қыздырып, жаныңды жаңғыртады.

       Бағдат  Айтмұқаева.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846727