Алматы облысы озық өңір атанды
- Толығырақ
- Жарияланды 29.10.2019 08:51
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1260
24.10.2019ж
24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты тұңғыш республикалық форумы болып өтті.
Республикалық формуға Алматы облысынан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, басқарама қызметшілері және облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты. Форум барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жаһандану үдерісіндегі қазақ тілінің болашағы мен даму бағыттары, латын графикасына көшіру барысы талқыланды. Өңірлердегі тілдік ахуалға мониторинг жасалып, әр өңірдегі өзекті мәселелердің шешу жолдары сарапталды.
Форум аясындағы интерактивті көрмеде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев өңірімізде жүзеге асып жатқан жобалар мен өнімдерді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға көрсетіп, таныстырды.
Республикалық Тіл форумында «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов: «Біріншіден, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырзаның қолдауымен өңірде биыл 10 орталық ашылды. Сөйтіп, қазір Алматы облысында 20 тіл оқыту орталығы жұмыс жасауда. Екіншіден, тіл басқармасы жұмыс істеп жатыр. Үшіншіден, қаншама өнім көрсетіліп жатыр. Яғни, біздің бүгінгі форумның мақсатының өзі - осындай үлгілі өңірлерді, озық өңірлерді басқа қозғалмай жатқан немесе қарқыны баяу болып жатқан облыстарға насиxаттап, көрсету болып отыр», - деді.