Жалғастың жауқазын жыры
- Толығырақ
- Жарияланды 15.11.2019 04:19
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1411
15.11.2019ж
– Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Ұрпаққа уақыт талабына сай әрі ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып саналы тәрбие беру.
Тұрсынғали Жалғас мектебіміздегі өз шығармашылығымен танылып жүрген жас ақын. Жалғастың өлеңдерінде қарапайымдылық бар, ол қазіргі поэзия үшін тапшы қасиет. Соның бірі Абайға арнау өлеңінде негізгі түйген ойын жеткізе білген.
Абайға
Өмірге тірек болған бір ұстаным,
Қара сөзін қасыңа бір ұстағын
Бір ұстағын, көресің тыныс
барын
Құдіретті өлеңмен тыныстағын.
Ғұмыр кешкен өлеңмен Хакім Абай
Қара өлеңде білген ғой, тыныс барын
Ерінбестен қолға алсаң бір кітабын
Бар кітабын, кие деп мен тұтамын.
Әр сөзінен күш алып, нәр тұтамын,
Жеңілместен уақыттан, тек ұтамын
Асыл, Абай біз үшін бір бәйтерек
Қамыққанда сая қыл бір бұтағын.
Ақынның сөзбен жеткен, Айға қолы,
Әр сөзі өлеңінің ойға толы.
Айшықтана көрінер оң мен солы
Айтпай кетсем, япырау
болмайды оны
Бұл өлең бастау алған
Абайлардан
Бұл сүрлеу өзгеше емес,
Абай жолы!
Әсемхан Нұржауқызы,
Абай атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі.