Алакөлде жаңа нысан қолданысқа берілді

30.12.2019ж

Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында әлемдегі белгілі ғимараттардың бірі Биг-бен тәріздес сағаттың ашылу салтанаты өтті.

 

Шара барысында аудан әкімі Ә. Жақанбаев пен келген қонақтар сағатты тамашалап, естелік суретке түсті.

Айта кетсек, жалпы құны 7,5 млн теңгені құрайтын бұл нысанның биіктігі 8,5 метр,  сағат диаметрі 1 метр. Куртинск гранитінен дайындалған нысан Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласында жасалған.

Бүгінгі күні аудан орталығында халық қажеттілігі үшін түрлі ғимараттар көптеп бой көтеруде. Сондай-ақ, бүгінгі ашылған нысан да Үшарал қаласының көрікті жерлерінің біріне айналары сөзсіз.

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4138328