ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ҰРПАҒЫМЫЗ

24.01.2020ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылғандай Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.

Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.
Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.
Абай атамыздың бала күнімізден жадымызда сақталып қалған «Желсіз түнде жарық-ай», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері, қара сөздері адамға рухани азық ретінде осы күнге дейін азық болып келеді.
Ұлы Абайдың өлеңдерін, қара сөдерін балалардың санасына сіңіру мақсатында күнделікті 5-10 минуттық тыңдалым ұйымдастырылған.
Ләззат Баймолдақызы,
Абай атындағы
орта мектептің кітапханашысы.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725862