Жүрегімнің түбіне терең бойла...
- Толығырақ
- Жарияланды 14.02.2020 10:33
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1266
14.02.2020ж
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ойшыл, данышпан ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жариялап, Абай мұрасын болашақта қалай тиімді пайдалану, әлемді таныту мерекесін лайықты атап өту секілді мәселелер туралы ой қозғап, өз ой-тұжырымдарын ортаға салды.
Мемлекет басшысы Абай мұрасын қайта зерделеп, халқымыздың рухани дамуына пайдалану керектігі жөнінде құнды пікірлер айтты. Абай әлемі ұлтымыздың санасын, ой-өрісін, дүниетанымын дамытуға қызмет етеді.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», - дейді Абай. Неге олай деп айтты екен? Абай - жұмбағы көп адам. Сондықтан болашақта оның жұмбағын, құпиясын шешіп, жұртшылыққа ұсыну керек.