Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі

27.02.2020ж

Берекені көздеген ел, мерекелі тірлік кешудің сан тараулы жолдарын білген. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - біздің ең маңызды байлығымыз! Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтауды қазақ халқы басты назарға алған.

Қазақстан халқының бірлігі біздің берік достығымыз бен тұтастығымыздың, адал ниетіміз бен мақсат-мүддеміздің бірлігінің символы.

«Қазақстан» деген қара шаңырақтың астында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүреді. Олардың ортақ мәмілеге келуі ел ертеңі үшін аса маңызды.  Ұлтаралық тыныштықты бір тезге салып, береке мен бірлікті ұстап қалу үшін 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, этносаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған еді. Сол уақыттан батсап Ассамблея біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында орын алуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.

Бұл сөзімізді өзге ұлт өкілдері де растап отыр. Жетісу мемлекеттік университетінің білімгері Александр Сонның айтуынша, елімізде мамыражай тірлік салтанат құрған. Өйткені, бұл өлкеде барлық азаматтар бір-бірін жеке тұлға ретінде құрметтейді. Сондықтан да бірлігі бекем болып отыр. Мемлекет басшысының саяси сауаттылығының арқасында сіз бен біз бейбіт күннің әр атқан таңымен батқан күнін көрудеміз. Біздерді біріктіріп отырған Отанға деген ілтипат дейді ол.

Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты болса, басқа этностар да мемлекеттің алдында өз жауапкершілігін соншалықты сезінуде.

 “Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір” бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы - ырысы, байлығы - берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.

Анар САБЫРОВА

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4741288