Әр шаңырақта «Абай жолы» тұруы керек

28.02.2020ж

Мен зейнеткермін. жасым 85-те. Мамандығым-мұғалім. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен  сабақ бердім.

       Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын жылына бір рет оқып отырамын.  Биыл да романды тұтас оқып шықтым. Абайдың қара сөздері де, өлеңдері де тәрбие. Ұстаздық өмірімде Абай өлеңдерін оқушылардың жаттауын талап ететінмін. Өзім де өлеңдерін жатқа айтқанды жақсы көретінмін.

                Абай тойы бір жылдық ғана той болмауы керек. Абай қазақ халқының   маңдайындағы бақыты. Қазақ халқының өсіп-өркендеуі үшін ол қандай қиыншылыққа болса да барды. Халықты еңбекке, мейірімділікке, қайратты болуға үндеді. Әрбір жастың алдына қоятын мақсатын айқындап берді. Әрбір қазақ шаңырағында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек.                 Жастар романды оқып, өзіне рухани нәр ала білсе деймін. Қаланың басты көшелерінде Абайдың қара сөздері, өлеңдері жазулы тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

 Н.Әкімжанова. 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726096