Ұлт санасын жаңғырту
- Толығырақ
- Жарияланды 28.02.2020 08:32
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1177
28.02.2020ж
Абай - өзінің атасынан кемеңгер, анасынан дана болып, еліне пана болып жаратылған, өз заманынан озық туған ғұлама. Халқының мұңшысы, ұлы ақыны.
Қазақ үшін дертті болған, сол дерттен айыға алмай, жан-жарасы жазылмай кеткен кеудесі қайғы мен қасіретке толған қазақ тарихындағы ең трагедиялық тұлға.
Өз ұлтын өркендеген өнегелі елдердің қатарында көруді көксеген ойшыл еді. Қазақ қоғамы, оның болмысы мен келешегі туралы соншама терең толғаған, ұлтының табиғатын, жаратылысын дәл таныған, елі үшін күйіп-піскен, азапқа да түскен, қасірет шеккен, қазақтың кемшілігін жанға батырып, бүкпесіз ашық айтқан Абайдан асқан тірі пенде болған жоқ. «Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман» дегенді Абай жасы жетіп, қартайғандықтан айтқан жоқ еді. Абайды жасына жетпей қартайтқан да сол қазақ, оның қылығы болатын.
Заман өзгерер, қоғам өзгерер, адам өзгерер, бәрібір түбінде қазақ халқы Абайға жүгінеді. Оның өсиетіне, аталы сөзіне келіп тоқтайды.
Б.Тлеухан.