Бітімі бөлек, болмысы ерек жандар
- Толығырақ
- Жарияланды 02.03.2020 11:33
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1274
02.03.2020ж
Сұлулықтың, махаббаттың, кеңдік пен төзімділіктің эталоны ол-нәзік жандылар. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген әйел затының болмысы ерекше.
Шындығында, әйел - отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. Қазіргі заманда әйелдер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. Яғни, әйел азаматтар тек отбасы төңірегінда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, бизнесте, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйесінде жемісті жұмыс істеп жатыр. Сонау қиын-қыстау жылдарында елдің еңсесін көтеруге атсалысудан бастап, бүгінгідей әлемге танылып, бәсекеге барынша қабілетті мемлекет болуға ұмтылып отырған заманда да әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз. Олардың соңғы уақытта қоғамдық жұмысқа етене араласуы байқалып, саяси қызметтерде өсуі бекіді, мемлекеттік қызметтерде де нәзік жандылардың салмағы айтарлықтай артып келеді. Мемлекет ісінде жоғары, жауапты қызметтер атқаратын әйелдер қауымы өздерінің білікті басшылығымен ерекшелініп қана қоймай, Отанымыздың жетістіктеріне де тың дем беруде.
Расында, әйелдер қауымы елдік дамуда үлкен рөл атқарып келеді. Соңғы уақытта Елбасы айқындаған саясат нәтижесінде еліміздің экономикасын арттырудағы әйелдердің үлесі де белсенді бола түскен.
Нәзік жандылар қоғамның тірегі, мемлекет дамуының тұғыры. Тәуелсіздік жылдарында тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда әйелдер қауымының үлесі зор болған болса, ендігі күні де елдік саясаттың осы бағытында мемлекет те нәзікжандылардан ұдайы қолдауға сүйенеді. Өйткені, Елбасы айтпақшы, ел болашағының барлығы, тыныштық пен тұрақтылық саясатының өзегі де әйел азаматтарының қолынан өтеді.
Анар САБЫРОВА