Әр Қазақстандық өз тағдырының еңбекқор қожайыны

10.03.2020ж

Ұлт болып ұйысып, ұлан ғайыр атыраптың иесі болған ел,  азулы елдерді аузына қаратып отырған жайы бар. Тәртіпке бағынып еңбекті серік еткен халықтың қапыда қалып қоюына еш негіз жоқ. Алдыңғы қатарлы елдермен иық тірестіріп келе жатқан Қазақстанның бүгінгі жетістігі халқының атқарған есепсіз есіл еңбегінің арқасы.

 Ұлыларымыздың ұлы сөздеріне құлақ ассақ, «еңбегі аздың өнбегі аз» дейді. Шынын да, көктен тілегенің жерден табылсын десең тынымсыз тер төгу қажет. Онсыз болмас. Осы тұрғысында тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы: «Тәртіп пен еңбек сапасы - өте маңызды. Осы қарапайым ережелерсіз табысты әлеуметтік жаңғырту жайында айту қиын. Егер әр қазақстандық өз тағдырының еңбекқор қожайыны болмаса, елдегі бар жақсыны арттыруға үлес қоспаса немесе оны бағаламаса, онда мемлекет қаншалықты халықтың әл-ауқатын арттыруға күш салса да ол өспейді», - деген еді.

Мемлекет халқының бар жағдайын жасауға тырсықанымен, елде етек-жеңін жиып, білек сыбана еңбекке кіріспесе әл-ауқат қайдан артпақ.

Һәкім Абай саналы ғұмырында еңбексүйгіштікті насихаттап кеткен ірі тұлға. Ол, «жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» деп адамзатты еріншектіктен бойын алшақ ұстауға шақырғаны баршаға аян.

Осы күнге дейін ұлттың бірлігі мен еңбегінің арқасында толағай табысқа жеткен елдің ендігі кезекте енжарлық танытуы жарамас. Еңбек ер атандырады деген даналық сөзді башшылыққа ала отырып, алған бағытымызда аянбай тер төгіуміз қажет-ақ. Өйткені, ахуалдың жақсаруы тек қана мемлекетке байланысты емес, әрекетке де байланысты.

Көк туы көкте желбіреген қазақтың күн түскенше керуетте керілуі дұрыс емес. Ұлтымыз қашанда еңбектің арқасында асқар шыңды бағындырды. Ендеше, кешегі бабалардың аңсаған ғұмырын баянды ету үшін қажымастан қарекет етуіміз қажет.


Анар Сабырова

 

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726120