Алматы облысында «Жетісу идеологтарының» слеті өтті

13.03.2020ж

Алматы облысында «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтарының  III слеті өтті.

 Алқалы отырысты Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық «Талдау және болжау» орталығы ұйымдастырды. 

Аталған шараға аймақтағы ішкі саясат басқармаларының басшылары мен әр ауданның баспасөз-хатшылары арнайы шақырылған.

Шақырту алған қонақтардың қатарында Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Қарбозұлы, Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Төлендіұлы да бар.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, қоғамдық келісімнің сақталуына  атсалысып жүрген азаматтардың басын қосқан слетта Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы модератор қызметін атқарды.

Жиын барысында билік басында жұмыс істеп  жүрген тұлғалар сөз алды. Баяндамашылардың ішінде  Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Сарыбаевта төбе көрсетті. Ол  мемлекеттік мүддесін қорғайтында, адамның ой-санасын өзгертуге ықпалы бар басқарма  ішкі саясат екенін нақтылап көрсетті.

Мінбеге шыққан қонақтардың сөзі аяқталғаннан кейін жыл бойы үздік көрсеткіш көрсетіп, тынбай еңбек еткен мамандар мен басшылар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

         Аумақтағы ішкі саясат бөлімінің басшылары, аудан, қала әкімдері менбаспасөз-хатшылары»  лайықты бағаларын алды. Шараның соңы жабық түрде өткен семинар-тренингке ұласты.

 Анар САБЫРОВА 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129271