Алматы облысында «Birgemiz Bilim" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда
- Толығырақ
- Жарияланды 30.04.2020 05:16
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1226
30.04.2020ж
Білім өмір – шырағы. Осы ұстанымды басшылыққа алған белсенділер «Birgemiz Bilim" жалпыұлттық жобасын қолға алған. Аталған жоба азаматтардың бастамасын қолдау орталығының тегін оқуға мүмкіндік беру қызметінің аясында, ҚР ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Бұл жоба ақпан айынан бастап білімге құштар жастарды қабылдап бастаған. Бүгінгі таңда Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласындағы 20 мектептің оқушыларының тізімі алынып, қатысушыларды іріктеуде . Жауапты тұлғалар мектеп директорларымен келіс сөз жүргізу барысында екен.Сол арқылы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тізімін алмақшы. Өйткені олардың мақсаты тұрмысы төмен отбасылардың балаларының қосымша білім алуына қол ұшын созу.
«Birgemiz Bilim" жалпыұлттық жобасы бойынша, елді мекендердегі мектептердің 8 - 10 сынып оқушыларын тарту арқылы 100 мың адамды қамту жоспарланған. Алматы облысының жоғары оқу орындары, колледждерінің білімгерлері арасынан 100 ерікті жас жобаны іске асыруға ат салысуда.
Білім беру барысы екі кезеңнен тұрады. Бұл ретте, әдіскерлер ҰБТ-ға дайындыққа көмектесуге 4 бағытта жұмыс жасайды. Барлық дәрістер онлайн форматта өтеді дейді мамандар. Соның бірі, ағылшын тілін онлайн түрде оқыту. ҰБТ-дан бөлек, жоба шеңберінде пән аралық олимпияда мен өзге де интелектуалды сайыстарға дайындық жүргізіледі. Бұл бастаманы ары қарай жетілдіру мақсатында жетекші мамандар Назарбеав зияткерлік мектебінің басшылығымен меморандумға қол қойған. Өз кезегінде НЗМ ұжымы жобаның одан әрі жандануына қолайлы жағдай жасап, оқуға қажетті бар мүмкіндікті ұсынып отыр. «Осы арқылы біз шалғай ауылдардағы дарынды балалардың жеткілікті білім алуына жағдай жасаймыз»,- деді Жоба жетекшісі және «DOS.KZ» Әлеуметтік-волонтерлік орталығының директоры Лариса Леонидовна.
Айта кетерлігі, жаңа бастаманы жүзеге асырмас бұрын арнайы кеңес құрылған. Онда Алматы облысының, білім саласының мамандары, ғалымдар, қоғам белсенділері мүшелік етеді. Олар еріктілерді байқаудан іріктеп алуға көмектеседі. Жоба барысында үздік қызмет көрсеткен еріктілер жыл соңында 100 мың теңгенің сертификатына ие болады. Ол марапат Талдықорған қаласында өтетін форумда табысталады.
Анар САБЫРОВА