Елдігімізді айшықтайтын басты рәміздеріміз жарқырай берсін!
- Толығырақ
- Жарияланды 24.06.2020 07:05
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1175
23.06.2020ж
Отан үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруда, ел тәуелсіздігін нығайтуда мемлекеттік рәміздердің алар орны ерекше. Отан мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым. Осы екі егіз ұғым әр азаматтың жадында жүрер болса, онда олардың рухы да асқақ болмақ. Ал рухы мықты елдің алар асулары әрқашанда жоғары болатыны сөзсіз. Осы рәміздердің түп-төркінінде ұлттық рухты көтеру, ізгілікті арттыру, әр адамның кеудесіне отанға деген іңкәрлік сезімді ұялату жатқаны анық.
Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады.
Мемлекеттік рәміздер еліміз үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі.
Рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы бар. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына. Сондықтан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын,
Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Мемлекеттік рәміздеріміз қазақ елінің көк аспанның астындағы бейбіт сүйгіш халық екендігін, дала бүркітіндей еркін, қиядан-қияға самғайтындығын, алтын күн байлықты, дархандықты ұқтырғандай.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері сарқылмас қазына, асыл мұра. Еліміздің тәуелсіздік жолында қаншама қиындықтарды басынан кешіргендігін біздер, жастар жақсы білеміз. Сондықтан да, мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай деп тілейміз. Ал елдігімізді айшықтайтын басты рәміздеріміз жарқырай берсін!
М.Ермеш,
«Жаркент қаласы әкімінің
аппараты» ММ жастар ісі
жөніндегі әдіскер нұсқаушы.