Рәміздер - тәуелсіздік негізі
- Толығырақ
- Жарияланды 24.06.2020 07:35
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1252
05.06.2020ж
Мемлекеттік рәміздеріміздің мән-мағынасы тым тереңде. Ол әрі Мемлекет басшысы атап өткендей, егемендігіміздің берік негізі, тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образы. Сондықтан Ту, Елтаңба және Гимннің негізгі идеяларын толығырақ баяндап беру үшін Панфилов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Тайлақұлы Илиповке жолығып, әңгімелескен едік.
-Марат Тайлақұлы, дала демократиясының т а р и х и - м ә д е н и құндылықтары мен ата-бабаларымыздың әдет-ғұрып дәстүрлерін м е м л е к е т т і к рәміздеріміздің бой- ынан таба аламыз ба? Біз бүгінде мемлекеттік р ә м і з д е р і м і з д і қаншалықты құрметтей алып жүрміз?
- М е м л е к е т т і к р ә м і з д е р - м е м ле к е т т і ң тәуелсіздігін білдіретін символ 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимнінің музыкалық редак- циясы туралы» заңдарға қол қойды. Биыл мемлекеттік р ә м і з д е р і м і з д і ң қабылданғанына 28 жыл толады. 2008 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Гимніне жаңа мемлекеттік стандарт- тар қолданысқа енгізілді, ол бүгінге дейін күшінде. Бұл стандарттар мемлекеттік рәміздердің нысаны, өлшемдері, оны қолдану мен жасауға қойлатын қатаң талаптарды бекітеді.
Бүгінгі күні мемлекеттік рәміздеріміз дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының қорғауында, халықаралық нормаларға сәйкес бұл құқық Париж конвенциясына қосылған 130 елде қорғалады. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер тең ұғым. Біз соңғы уақыттары отаншылдық, ұлттық рух, елін, жерін сүю, құрметтеу сөздерін жиі ай- тамыз. Мемлекет басшысы тәуелсіздік тойында «Шын мәнінде отаншылдық- тәуелсіздікті құрметтеу, мемлекеттік қастерлеу, өз Отаныңды қалтқысыз сүю» деген еді. Отанды сүю, елін, жерін, халқын қастерлеу, шын мәнінде, өз еліне адал мінсіз қызмет ету, еліңді қорғау, тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау деп білемін.
-Заң саласында мемлекеттік рәміздерімізді теріс пайдалану жай- ында қылмыстық істер қаралды ма? Мемлекеттік рәміздерімізді теріс пайдалану қандай әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікті көздейді? - З а ң н а м а д а мемлекеттік рәміздерге қатысты заңсыз іс-әрекет үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық жүктелген. Қылмыстық Кодекстің 317 бабында мемлекеттік Ту, Елтаңба не- месе Гимнді қорлау екі жүз айлық есептік көрсеткіштен мың айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айы- ру жазасына тартылады. Мемлекеттік нышандарды пайдалану міндетті болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбай ескер- ту жасауға немесе лауазым- ды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
-Сіз Гимнді жатқа білесіз бе? -Иә, Гимнді білемін. Жалпы аға буыннан гөрі балабақша, бастауыш мек- теп оқушылары Гимннің мәтінін жақсы біледі. Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе»,-дейді. Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеуді Білім және Ғылым Министрлігіне жүктеп қоймай, әрбір ата-ана ба- лаларына үйретіп отыруы қажет.
-Мемлекеттік Гимн осыдан 3-4 жыл бұрын басқа құрлықта қате шырқалып, қазақ елінің ар-намысын жаншығаны белгілі. БАҚ-та таратқан ақпараттарда мемлекеттік р ә м і з д е р і м і з д і ң қорланғанын көріп қынжылған кездеріміз болды. Осы орайда, сіздің де пікіріңізді тыңдасақ...
-Сіз Кувейттегі спорт жарысы кезінде Әнұранның орнына басқа бір әннің шырқалып кеткенін меңзеп отырсыз ғой. Басқа құрлықта Гимнімізді ой- натып, көк Туымызды желбіретіп жатқан спорт- шыларымызды мақтан тұтамыз. Гимн ойналып, көк Туымыз желбіреп, биікке көтерілгенде рухымыз асқақтайтыны рас. Алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдайлар қайталанбаса екен деп тілеймін.
Жалпы, мемлекет- бәрімізге ортақ. Сондықтан оның Туы да, Гимні де, Елтаңбасы да біреу болуы тиіс.
Р ә м і з д е р і м і з д і құрметтей білу отбасындағы тәрбиеге бай- ланысты. Бұл ұлтымыздың өшпес тарихының ны- шаны. Тарихты өшірмей сақтап қалатын өзіміз. Отаным, елім дейтін аза- маттар рәміздерімізді қастерлейді деп ойлай- мын. Қазақстанның Гимнін естігенде талай рет көзімізге жас алдық.
- Әңгімеңізге рахмет! - Әңгімелескен: Бағдат Айтмұқаева.