ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ

26.06.2020ж

Биыл «әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Ұстаз өнегесінің, тәлім-тәбиесінің рөлі орасан. «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» дейді. Десек те, зерттеушілер әл-Фарабиді өздігінен шарқ ұра іздене, басын тауға да, тасқа да соға жүріп, аса табандылық танытуымен жетілген ғалым деседі.

     Әбу Насыр Әл-Фараби – Шығыс әлемінің рухани ұстазы. Ғұлама адам бойындағы мінез-құлық мінін рухани кеселге балайды. Мінезді жанның айнасы деуі де осыдан болса керек. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы өзге емес, тек жақсы мінез-құлыққа байланысты екендігі тегін емес. Қалай болғанда да мінез бен ақыл жарасса, адамгершілік ұтары даусыз. Әл-Фарабише ой өрсек, рухы мықты ұстаздың әркез ескерер түпкі мақсаты – шәкірт мінез-құлқындағы жағымсыз мінез, жағымсыз қылықты болдырмау, керісінше, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру.
      Бұл ғаламда әр адамның өз орны барлығын мойындар болсақ, ғұлама ар, адалдық, адамгершілік қасиеттерін алдыңғы кезекке қояды. Ақиқат пен адалдық туралы айта келіп, ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланыстылығын баса көрсетеді. Бұл ретте «өзгенің пікірін иемденіп кетудің надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс» екендігіне налиды.
Б.Жалғасбекова,
шолақай ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846658