Тәуелсіздік көк туын желбіретіп
- Толығырақ
- Жарияланды 28.07.2020 05:01
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1118
27.07.2020ж
Бақыт құсы шарықтап көк төрінде,
Аруақ қонып, желмая шөккен, міне.
Сарыарқаның төсінде астана тұр,
Жолын тосып сәулесін төккен күнге.
Атақ-даңқы биікке аспандаған,
Болашаққа сеніммен басқан қадам.
Тәуелсіздік көк туын желбіретіп,
Жаңа заман есігін ашқан қалам.
Есіл мынау айнадай жарқыраған,
Мөлдірліктің ұқтырған парқын аман.
Айдынында қайықтар еркін жүзіп,
Жағасында көңілді шалқыған ән.
Бейбіт өмір, мамыражай тыныш далам,
Астана - ұлт тірегі, құрыш қалам.
Халқымның ынтымағы жарасымды,
Татулықпен кең елім тыныстаған.
Беу, астана, гүлзарлы жасыл қалам,
Өзіңнен нәр алады асыл далам.
Тәңірге тәубе етемін көрген сайын,
Сыйлаған бақытымсың ғасыр маған.
Есенкелді Сүйінов.