Үздік кәсіпкерге дауыс бер!
- Толығырақ
- Жарияланды 06.08.2020 08:01
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1049
06.08.2020ж
Әуелі өңірлік кеңестің атқаратын міндеті мен мақсаттарына тоқталып өтсек. Өңірлік кеңес аймақтағы палатаның бақылаушы органы болып табылады және бизнес субъектілерінен , делегаттардан сонымен қатар, қауымдастық өкілдерінен құралады.
Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.
Өңірлік кеңеске мүше болғысы келетін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу;
- Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық қызметінде белсенді қатысушы болу;
- Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
- Аймақта көпке танымал болу;
- Кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделді, танымал болуы;
- Бизнесінің тарихы жақсы болу;
- Әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
- Облыстық, (қалалық, аудандық) мәслихаттардың депутаты болу (құпталады);
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
- Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
Өңірлік кеңес мүшелері аталған қызметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады. Сонымен қатар, кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініш жасау, ұсыныстар енгізу жатады. Және де Қазақстан Республикасының заңнамасында, Өңірлік палатаның Жарғысында және Өңірлік кеңес туралы Ережеде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құзырлы.
Айта кетерлігі, кеңестің мүшелігіне өтінім беру 7-15 шілде аралығын да өткен еді. Дәл қазіргі уақытта кеңестің мүшелігіне сайлауға түсіп жатқан кандидаттарға дауыс беру жалғасын табуда. Дауыс беру мерзімі 5-11 тамыз аралығын құрайды.
Өзің үздік деп тапқан кәсіпкерге дауыс беру vote.atameken.kz. сайтында онлайн түрде жүргізіледі. Аталған процесске тек салық комитетінде кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған азаматтар ғана қатыса алады.
Үміткерге дауыс берудің екі тәсілі бар. бірі ЭЦҚ арқылы, екінші смс хабарлама арқылы. Сайттағы SMS әдісі үшін ұйымның БСН / ЖСН, сайлаушының телефон нөмірін көрсету керек, содан кейін SMS-тен алынған кодты енгізу қажет.
ЭЦҚ қолдану үшін ұйымның атына тіркелген кілт сөзді пайдалана аласыз.
Дауысты тек бір ғана үміткерге беруге болады. Тағы еске саларлығы, өз өңіріңіздің кәсіпкеріне ғана дауыс бере аласыз.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы облысымыздың 30 бизнес өкілдерінен тұрады. Үздік отыздықты анықтауға ат салысыңыздар!