«Абай күні» белгіленді
- Толығырақ
- Жарияланды 12.08.2020 09:54
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1041
07.08.2020ж
Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының ұсынысымен Мемлекет басшысы 10 тамызды яғни, ұлы Абай Құнанбайұлының туған күнін «Абай күні» деп белгіледі.
Хакімнің 175 жылдығына орай бұл күн биылдан бастап тойланбақ.
Қазақстан ұлттық ақыл-ойының ең асқар шыңына бұл құрмет әбден лайық.
Президентіміздің бұл шешімі ұлттық руханияттың үлкен қуанышы деп білемін. Ұлт қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының «Өткенге анық көңілмен, болашаққа ашық көзбен қарайық» дегені рас-ау. Абай күні - өткенге анық көңіліміздің, болашаққа ашық көңіліміздің бір мысалы.
Хакім Абайдың әруағы разы, Абай күні құтты болсын!
Берік Уәли.