Қарасай ауданында 1200 орындық білім ошағы бой көтерді

01.09.2020ж

Алматы облысында білім беру саласына көп көңіл бөлінуде. Оған дәлел биылғы жылы  32 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 23 мектеп, 1 спорт залын жапсарлас салу, 3 балабақшаны қайта жаңарту, 4 колледжге арналған жатақхана және 1 өнер мектебі бар.  15 мектептің құрылысы 2021 жылға жоспарланған.

 

Игі істің арқасында облыста үш ауысымды мектептердің саны азаймақ. «Облыста 17 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Осы арқылы үш ауысымды мектептердің қатары азаяды деп отырмыз. Айта кету керек, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 11 мектеп, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 6 мектептің құрылысы жүргізілуде»,- дейді өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарова.

 Бұдан басқа, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 1500 орындық тағы 6 мектеп және 29,9 млрд.теңге сомасына 1200 орындық 1 мектеп салу көзделген.

Сондай-ақ Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы Б.Қосынов атындағы орта мектеп апатты жағдайда болуына байланысты 2018 жылы аудан әкімі  Жандарбек Далабаевтың қолдауымен 3,5 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 1200 орындыққа арналған білім ордасы бой көтерді. Аталмыш мектептің құрылысы толық аяқталып, әйтейлік білімгерлер алдағы оқу жылында жаңа мектепте білімдерін жалғастыратын болады.

Білім беру ісіндегі жағымды жаңалықтардың легі мұнымен толастар емес. Кеген ауданы, Саты ауылында 1 қыркүйекке дейін 2520 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі. Осы тектес жұмыстар облыстың өзгеде аймағы, Жамбыл, Ескелді, Кербұлақ аудандарында жыл соңына дейін 560 орындық 3 мектеп қолданысқа беріледі.

2020 жылы 23,9 млрд. теңге сомасына 55 білім беру ошағы күрделі жөндеуден өтуде.

Бүгінгі күні 55 Шарттың 55-і жасалды, барлық нысандар бойынша жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Нақтылап өтер болсақ, жергілікті бюджет есебінен 8 нысанға күрделі жөндеу жүргізілуде. Оның ішінде 6 мектеп, 2 балабақша бар. Бұл мақсатта 1,9 млрд.теңге  қаржы қарастырылған.

Ал, "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында 10 нысанға  4,5 млрд.  теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 37 нысанға  күрделі жөндеу жүргізілуде, оған 28 мектеп, 5 мектеп, 2 колледж, 2 балабақша аумақтарын абаттандыру жатады.

 

Еске саламыз,42 мектептің барлық жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін аяқталады.

 

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына тоқталатын болсақ, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 1,2 млрд.теңге сомасына 347 мектептің дәретханаларына ағымдағы жөндеуден өтті. Өңірдегі білім беру ошақтары осылайша білім күніне дайындығын арттырып жатыр. Бұл ретте оқушылардың жағдайы назардан тыс қалған жоқ.

Облыстағы шалғай елді мекендерден оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған.

Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 71 автобус сатып алуға 940,6 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 61 автобус сатып алынды.

Қалған 10 автобус қыркүйек айының соңына дейін сатып алынады.

Анар САБЫРОВА

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1427476