Республикалық мүшәйра өтеді
- Толығырақ
- Жарияланды 24.09.2020 10:15
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1071
24.09.2020ж
Еліміздің Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай республикалық мүшәйра өтеді. Сайысқа 16-29 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар қатысып бақтарын сынай алады. Қазіргі уақытта байқаудың облыстық іріктеу кезеңі жүріп жатыр.
Іріктеліп алынған үміткер республикаға жолдама алады. Әзірге облыстан 50-ге жуық жас әдебиетшілер қатысуға өтінім берген. Шығармаларды сараптап авторларымен талдау жұмыстарын белгілі ақын Жангелді Немеребаев, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы шеберлік сағаттарын өткізді. Жалпы, мүшайраның мақсаты – Абай мұрасын дәріптеп, ұрпаққа жеткізу. Жастардың ақындық мәдениетке, өнерге қызығушылығын арттыру, жас жазушылардың ортасын қалыптастыруға ықпал ету.