Алматы облысында 1205 оқушы тәлім алатын мектеп жөндеуден өтуде

07.10.2020ж

Алматы облысында ірге тасы 1964 жылы салынған мектеп жөндеуден өтілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде білім нысанының екінші тынысы ашылмақ. Қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы өз көзімен көріп қайтты.  Аталған мектеп Өтенай ауылында орналасқан.

 

Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесін жаңартуға 805,9 млн. теңге қаржы бөлінген.

Бас мердігер - «Құрылысшы-ТБС» ЖШС.

Ғимараттың жалпы ауданы 6392,2 шаршы метр. Жобалау сиымдылығы 900 орынға арналған білім ордасының жөндеу жұмыстарына 88 адам тартылған. Оның 44-і жұмыспен қамту орталығы арқылы келген.

Мекеме 2 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Ғимарат ішінде 36-оқу кабинеті, 2-спорт зал, 2-мәжіліс залы, медициналық, стоматологиялық кабинет,  60 орындық асхана , кітапхана және  50 орындық шағын орталық  бар.    Сонымен қатар, мектепте заманауи зертхана орналасқан.

Жұмыс барысын  бағамдаған Амандық Баталов нысанның сәулетінің келісті, жаңа қондырғылардың орнатылып жатқанын, оқушыларға барлық жағдай жасалғанын көріп оң бағасын берді.   Облыс әкімі, тек қызмет қауқарын көріп қана қоймай мектеп әкімшілігіне балаларды тасымалдауға арналған бір автобустың кілтін табыстады.

Айта кету керек, білім ордасында 99 ұстаз бен 40 кіші қызметкер еңбек етеді.

Өтенай ауылындағы бұл мектепте 1205 оқушы білім алады.  Аталған мектеп  екі тілде оқытады. Мемлекеттік тілде білім алушылар саны -851, ал орыс тілінде оқитын оқушылар саны-354-і құрайды.

Мектеп алды даярлық тобына 64 бөбек барады. Оларды 3 топқа бөліп оқытады.  Ал, мекеме жанынан ашылған шағын орталықта 50 тәрбиеленуші, 2 топқа топтастырылған.

2019-2020 жылы аталған оқу орнын 40 түлек аяқтаған. Оның 20-сы мемлекеттік грант иегерлері атанған болатын.  2 оқушы «Алтын белгі» мен 1-еуі «Үздік аттестат»-қа 11 жылды қорытындылаған.

 

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4143793