Қара шаңырақ қасиеті
- Толығырақ
- Жарияланды 16.10.2020 04:06
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1025
16.10.2020ж
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген дана Абай сөзі - әр қазақтың жүрегіне жазылған серттей. Қазақ халқы әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат-жұрттықтардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді.
Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы есіңізде болар... ұрпағынан айырылып, аяқ-қолын жалмаған сұрапыл соғыс жауынгерлерінің жер ауып келген неміс баласының Зигфридті «Зекен» деп атап, сол дәуірдің шындығын, бейбіт елдің шаңырағын шайқалтпай керегесіне сызат салған ұлттың баласын бауырына басқаны қазақ елінің жүрегі дарқан екенін көрсетпей ме?
Осындай қилы кезеңдерде тағдырдың тепкісінен жер ауып келген өзге ұлт өкілдерінің бүгінде бауырмал қазақ жерінде берекеге кенелгені ақиқат.
Қазақ жерінде өзге ұлттардың мәдениеті мен өнерін дамытуға кең жол ашылған. Елдегі ұлттық орталықтар мен театрлар, этнобілім беру кешендері –осының дәлелі.
Қазақ жеріндегі тұрақтылық пен тұтастықтың тұғыры - 1995 жылдың наурызында құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы. Бұл беделді ұйым 25 жылдан бері ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты паш етіп келеді.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге Ту көтеріп, еліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде осы ынтымақ пен бірлікті сақтау - ата-баба аманаты. Бар ұлысқа шаңырақ бола білген іргелі еліміздің шаттықтан түндігі желпілдей берсін.
Бағдат Айтмұқаева.