Абай көне заң жайлы не деген?

22.10.2020ж

Ұлы Абай ел басқару ісіне араласқан кезде «Жеті жарғыны» басшылыққа алған деседі. Сол қаншалықты рас?Қазақтың бас ақыны, ұлы ғұламасы-Абай Құнанбайұлының заңгерлік, құқықтанушылық еңбегі - ғылымның бір дербес саласы.

«Абай  энциклопедиясының мәліметінше, Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге де қарсы заң ережесін» дайындау кезінде «Жеті жарғы»  баптарын негізге алған. Ол  бұл заңдар жинағы туралы өзінің ғақлияларында да айтады. Мысалы, үшінші  қара сөзінде  «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің  қолынан келмейді. Бұған  бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», «Әз-Тәуке ханның Күлтөбенің басында күнде жиын болғандығы»,  «Жеті жарғысын білмек керек» дейді. Ұлы ойшыл «Жеті жарғыны» ел басқарудың  халқымыздың салтына сіңген негізгі жүйесі ретінде танитынын аңғартады. Айта кетейік, «Жеті жарғы» хандық билік қатынастарымен бірге, ел ішіндегі, жер, жесір,  мүлік дауларын реттеуді де мақсат еткен.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726935