57 жылдан кейін жаңарған білім ошағы
- Толығырақ
- Жарияланды 23.10.2020 10:13
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 936
23.10.2020ж
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Ескелді ауданында білім ордасы қалпына келтірілуде. 1963 жылы бой көтерген «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы»КММ алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде.
Білім ордасы 360 орынға арналған. Екі қабатты нысан үстіңгі қабатта 12 оқу кабинеттері бар.
Тозығы жеткен ғимаратты жөндеуші бас мердігер «GoldenCityDS»ЖШС болып табылады. Құрылыс жұмыстарына барлығы 526,3 млн. теңге берілген. Негізінен күрделі жөндеу үстіміздегі жылдың мамыр айында басталған. Жауаптылардың айтуынша, құрылыс келер жылға өтпелі екен. Яғни нысан 2021 жылдың наурыз айында қолданысқа берілуі ықтимал.
Бүгінгі күні ішкі жұмыстар 60%-ға, сыртын ретке келтіру 70%-ға аяқталған. Мектепке интернет желісі, жарық тартылған. Білім ошағының келбетін жаңартуға 76 адам жұмылдырылған. Оның ішінде 36 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы келген.
«Пандемияға қарамастан ауданымызда жұмыстар қарқынды жүруде. Барлық сала бойынша оң өсім динамикасы сақталған. Аймақтағы істердің дерлігі аяқталып қалды. Жыл соңына дейін Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде 15 жобаны аяқтап , тегістей қолданысқа береміз деп жоспарлаудамыз»-деп қорытындылады Ескелді ауданының әкімі Рауан Рақымбеков.