Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет үйін жөндеуге 572 млн. теңге бөлінді

03.11.2020ж

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында Есік қаласындағы аудандық мәдениет үйін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 572 миллион теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстарының 80% аяқталды. Бұл туралы "Jetisý Media" көшпелі баспасөз конференциясы барысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев мәлімдеді.

Аумағы 3200 шаршы метрді құрайтын ғимараттың негізі 1982 жылы қаланған. Мұнда соңғы 15 жылда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Мәдениет үйі 480 көрермен орнына арналған және жөндеу жұмыстары аяқталған соң мемлекеттік қызметтің бірнеше бөліміне әкімшілік кеңсе қызметін атқаратын болады. Атап айтқанда, жақын арада, мәдениет ошағының 30-ға жуық бос кеңселері, жастар ресурстық орталығы, тіл орталығы, жастар саясаты мәселелері жөніндегі бөлім сияқты ұйымдарға берілетін болады.

«Жобада мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге, ауыл тұрғындарын қолданбалы өнерге баулуға арналған бөлмелер  көзделген. Оған қоса мәдениет үйі жарық және дыбыс құрылғыларымен жабдықталады. Жалпы ауданға аталған мемлекеттік  бағдарламаны жүзеге асыруға 8 млрд.972 млн. теңге бөлінді. Оның 572 млрд. теңгесі аудандық мәдениет үйін жөндеуге бағытталған. Муниципалды инфрақұрылымға мәдениет пен спорт нысандары айтарлықтай үлес қосатынын ескерсек, жаңарған мәдениет үйі ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ғана емес, сонымен қатар бос уақытты түрлі үйірмелер мен мәдени сипаттағы басқа да қызықты іс-шараларды өткізу мүмкіндігі»,– деп атап өтті Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев.

Айта кетейік, мәденет үйінің акт залы қазіргі заманғы акустикалық жүйемен жабдықталған, ал ғимаратты қайта құру кезінде Қазақстанда жасалған құрылыс материалдары пайдаланылған.

Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Смағұловтың айтуынша, сыртқы әрлеу де толығымен қайта жасалып, ғимарат стандарттарға сәйкес жылытылған.

«Ғимараттың сыртқы келбеті  жаңартылды. Біз минералды сылақты жылу плитасымен алмастырдық, қолданылған материалдардың сапасы өте жоғары, сәйкесінше ғимарат әлдеқайда жылы болады. Нысанда мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамту орталығы арқылы 87 адам еңбек етуде.   Жұмыстың көп бөлігі аяқталды. Біз жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтап, нысанды жергілікті халықтың игілігіне тапсырамыз деп ойлаймыз»,– деді ол.

Жалпы, мәдениет үйінде 26 шығармашылық бірлестік пен ұжым, 5 халық оркестрі, 56 ансамбль жұмыс істейді. Олардың барлығы жақын арада жаңар Мәдениет үйінде қоныс тойын тойлайтын болады.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726946