Еңбекшіқазақ ауданында 2 орта мектеп күрделі жөндеуден өтті

04.11.2020ж

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданында 47 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда 420 орындық "Аймен" орта мектебі мен  Жандосов атындағы 600 балаға арналған орта мектептің жөндеу жұмыстары аяқталуда. "JETISÝ MEDIA" көшпелі брифингінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев аталған мемлекеттік бағдарлама аясында қандай жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлады.

 

Аудан басшысының айтуынша, «Жұмыспен қамту жол қартасы» бағдарламасы бойынша ұсынылған 109 жобаның 80-і салынып, пайдалануға дайын. Жобалардың жалпы құны 8 млрд.972 млн. теңгені құрады.

«Аудандық бюджет бойынша 7,1 млрд теңге өтіп жатыр, 1,8-і облыстық бюджеттен бөлінді. Білім беру нысандары мен жол инфрақұрылымына үлкен көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, "Аймен" орта мектебінің толық қайта жөндеуден өтуіне 437 млн.теңге бөлінді. Ал Жандосов атындағы мектепте 68 млн. теңгеге шатыр қайта жөнделді. Екі ірі нысанды қоспағанда, жыл соңына дейін бағдарлама бойынша барлық нысандарды халықтың игілігіне беруді жоспарлап отырмыз»,– дейді Қуанышбек Қашқымбаев.

Одан бөлек, ауданда автожолдар құрылысы бойынша барлық жұмыстар орындалды, олар қараша айының соңына қарай ашылады.

Аудан басшысы сондай-ақ, аяқталуы 2022 жылға жоспарланған ең ірі жоба 60% - ға орындалғанын тілге тиек ете кетті.

«Еңбекшіқазақ топтық су құбыры бұл – 40 км орталықтандырылған су құбыр жүйесі. Ол ауданның 105 мың тұрғынын немесе 9 елді мекенді, соның ішінде Есік қаласын да сумен қамтамасыз етеді. Біз жұмыс орындарын құру жоспарын орындадық. Ауданда бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталығы арқылы 880 жұмыс орны құрылған. Ал соңында тұрақты 250 жаңа жұмыс орны пайда болмақ»,– деп атап өтті аудан әкімі.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726942